Пиязды Тәжікстаннан алатын болдық
ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев пен өңірлер өкілдері бастаған қазақстандық делегация Тәжікстанда жұмыс сапарымен болды, деп жазады inbusiness.kz.
Агенттік хабарлағандай, экспорт мәселесі Қазақстанның сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Арман Шакқалиев пен Тәжікстан ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Нигина Анваридің кездесуінде талқыланды.
Талқылау барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму әлеуетін қарастырды.
Сонымен Тәжікстанға қазақстандық ұн, ал Қазақстанға ерте көкөністер, атап айтқанда, тәжік пиязын жеткізу туралы өзара келісім жасалды.
Арман Шаққалиев атап өткендей, бүгінгі таңда елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастар айтарлықтай өсуде. Мәселен, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,4 млрд долларды құрады. Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт көлемі 9,7% — ға артып, 877,6 млн долларға жетті.