Полицейлер қостанайлық тұрғынның ваннасынан жылан алып шықты (видео)
Қостанайлық полицейлер қала тұрғынының ваннасынан ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жылан алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz. Медиа порталдың жазуынша, 20 қазан күні 102 пультіне Қостанай тұрғынынан жуынатын бөлмеден жылан табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабарламадан кейін учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар тұрғын шақырған мекенжайға келген.
«Онда ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді», – дейді учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев. Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін анықтаған. «Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, табиғи ортаға шығарды. Қазан-қараша
сужыландар әр түрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды», – дейді полиция өкілдері.