Польшаға Ресей дрондары кірді: Зеленский Батысты сынға алды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей дрондарының Польша әуе кеңістігін бұзуына Батыстың әлсіз реакция танытқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу НАТО-ның қай деңгейге дейін төзімді екенін сынап отыр деп хабарлайды  Altyn-orda.kz 

10 қыркүйекке қараған түні Польша аумағына Ресейде жасалған 19 дрон кірген. Олардың көбі Беларусьтен ұшырылған. Польша әуе күштері жойғыштарын көтеріп, Варшава НАТО-ның 4-бабы бойынша кеңес бастады.

Германия қорғаныс министрі Борис Писториус пен Польша СІМ басшысы Радослав Сикорский бұл әрекетті әдейі жасалған басып кіру деп бағалады. Ресей болса Польшаға соққы беруді көздемегенін айтады.

Польша одақтастарынан әскери қолдауды күшейтуді күтсе, Украина Шығыс Еуропа аспанын бірлесіп қорғауға шақыруда.