Путин Беларусь аумағында тактикалық ядролық қару сақтайтын қойма салынатынын айтты
Ресей президенті Владимир Путин Беларусьте тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталатынын айтты. Бұл туралы ол е «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«3 сәуірден бастап экипаждарды оқытуды бастаймыз. Ал 1 шілдеде аумақта тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысын аяқтаймыз», — деді Путин.
Сондай-ақ, онда стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы шарт (START, START-III) бойынша міндеттемелерді бұзбай, тактикалық ядролық қару орналастырылатыны атап өтілді.
Путин мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болғанын айтты. Одан бөлек, Беларусь Ресейдің ядролық қаруын өз аумағында орналастыруды бұрыннан сұрағанын атап өтіп, Мәскеу Америка Құрама Штаттарының ондаған жылдар бойы істеп келе жатқанына жауа бергенін жеткізді.