Путин Қадыровтың әйеліне «Батыр ана» атағын берді

Ресей Федерациясында «Батыр ана» атағы отбасы институтын нығайтып, бала тәрбиесіне зор үлес  қосқаны үшін беріледі. Владимир Путин бұл атаққа Шешен республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың жұбайы Меднині де лайық деп тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Заң бойынша «Батыр ана» атағы 10 не одан да көп бала тапқан, оны өсіріп, жеткізген Ресей азаматтарына беріледі. Қадыровтың ресми өмірбаянында 10 баласы бар екендігі айтылады. Төрт ұлы мен алты қызы.

Мұндай құрметті атақ Кеңес заманынан бері бар. 2022 жылдың 15 тамызында Путин оны қайта жандандыру туралы Жарлыққа қол қойған.

Бұл атақ иегерлеріне 1 миллион рубль мөлшерінде біржолғы төлем, грамота және тиісті орден табысталады.