Рамзан Қадыровтың 15 жастағы ұлына Шешенстан Батыры атағы берілді

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлдарының бірі 15 жастағы Адам Қадыровқа Шешенстан Республикасының Батыры атағы берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мемлекеттік дума депутаты Адам Делимхановтың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Делимханов өзінің Telegram-дағы арнасында Адам Қадыровты ең жоғары атақ алуымен құттықтады. (Адам Делимханов – Рамзан Қадыровтың немере ағасы) Ол інісі Адам Қадыровты ерекше сауатты, жан-жақты білімді және мақсатты жастың жарқын үлгісі екенін жеткізді.

«Адам мұсылмандардың басты кітабы Құран Кәрімді жаттап, «Хафиз» деген жоғары атаққа ие болды. Сондай-ақ қымбатты інім оқуда да өзін жақсы жағынан көрсетіп, түрлі ғылымды меңгеріп, тарихқа, тілге, әдебиетке қызығушылық танытады. Адам спортта да жетістіктерге жетіп жүр. Аралас жекпе-жектен беделді турнирлерде бірқатар жарқын жеңіске қол жеткізді. Қымбатты інім Гудермес қаласындағы РУС базасында құқық қорғау бөлімшелері арасында тактикалық оқ атудан өткен чемпионатта бірінші орын алды. Сол кезде Адам нағыз жауынгер және нағыз күрескер ретінде көрсетті», — деп жазды депутат.

Делимханов Адам Қадыровты атасы Ахмат-Хаджидің лайықты мұрагері деп атады. Оның сөзінше, атасы Ахмат-Хаджи да Шешен Республикасының Батыры атағын алған. Депутат немере інісінің халқы мен елінің дамуына үлес қосатынына, отан игілігіне адал да аянбай қызмет ететініне сенім білдірді. Айта кетелік, бірнеше күн бұрын Рамзан Қадыровтың 24 жастағы қызы Айшаттың Шешенстан үкіметі басшысының орынбасары болатыны белгілі болған еді.

kaz.nur.kz