Ресей әскери кемелері Ақтау теңіз портына достық сапармен келді (видео)

Ресей кемелері Ақтау теңіз портына достық сапармен келді. Бұл туралы Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады. 

“Ресей Федерациясы Каспий флотилиясының кемелері, оның ішінде Каспий флотилиясының флагманы – “Татарстан” зымыран кемесі Ақтау теңіз портына достық сапармен келді. Делегацияны Әскери-теңіз күштері әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы қарсы алды”, – делінген хабарда.  

 

kaz.nur.kz