Ресей бір апта ішінде Украинаға әуеден 700-ден астам бомба тастады
Бір аптада Ресей Украинаға 700-ден астам әуе бомбасын жіберді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский өткен аптада Ресей Украинаға қарсы 700-ден астам қашықтан басқарылатын әуе бомбасын, 170 әскери дрон мен шамамен 80 зымыран қолданғанын хабарлады.
“Зұлымдықтың бұл масштабына өмірді қорғау масштабы туралы шешімдер де сай келуі керек. Әр серіктес жағдайға ықпал ете алады, террордан қорғанысты нығайта алады. Украина дәл солай істеп жатқан достарымызға алғыс білдіреді”, — деді ол.
Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль осы жылдың басынан бері саперлердің Украинадағы 157 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін минадан тазартқаны туралы ақпарат берді.