Ресей Қытайдың «инеcінде»: оны алып тастаса не болады

Қазіргі соғыс танк пен ракетамен ғана емес, чиптер мен электроникаға тәуелді. Ал осы жерде басты сұрақ туындайды: егер Қытай Ресейге жеткізетін компоненттерді шектесе не болады?
Жауап қарапайым: жүйе баяулай бастайды.
Бүгінде Ресей қолданатын дрондар, байланыс құралдары мен басқару жүйелері мыңдаған ұсақ бөлшектерге тәуелді. Сол бөлшектердің едәуір бөлігі Қытай арқылы келеді. Бұл тек дайын техника емес — аккумулятор, микрочип, плата, мотор сияқты көзге көрінбейтін, бірақ шешуші элементтер.
Егер осы ағын әлсіресе, Ресей бірден қарусыз қалмайды. Бірақ ең маңызды нәрсені жоғалтады — жылдамдықты. Өндіріс баяулайды, жөндеу қиындайды, ал шығындар өседі. Соғыс тоқтамайды, бірақ «тұншыға» бастайды.
Әрине, айналып өту жолдары бар: үшінші елдер арқылы жеткізу, параллель импорт, өз ішінде жинау. Бірақ бұл — қымбат, баяу және тұрақсыз.
Қытайды толық алмастыратын балама жоқ. Иран мен Солтүстік Корея жеке бағыттарда көмектесе алады, бірақ Қытайдың өндірістік ауқымын жаба алмайды.
Ең маңыздысы — мәселе «соғыс бола ма» дегенде емес. Мәселе — ол қандай қарқынмен және қандай бағамен жүреді.
Егер Қытайдың «инеcі» әлсіресе, Ресей үшін бұл тек экономикалық емес, әскери мәселе.
Біреу соққы жеді — жүздеген адам көтерілді: Усть-Лугада не болды шын мәнінде











