Ресейде мобилизацияланған солдат екі әріптесін атып тастады
Мобилизацияланған 24 жастағы жігіт екі әріптесін атып тастады деп айыпталуда.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірмейді, деп хабарлайды altyn-orda.kz .
Амур облысынан жұмылдырылған 24 жастағы Глеб Соломонов әріптестерін атып өлтірді деген күдікке ілінді.Ол адамдарды өлтіруге нақты не себеп болуы мүмкін екені әлі белгісіз.
Күдіктінің әпкесі ағасына тағылған айыпты әскери бөлімнің қолбасшылығынан емес, әріптестерінен білгенін айтты
Қазір бұл мәселемен әскери полиция айналысып жатыр . Бізде заңгер бар, ол не болғанын анықтауға тырысады … Бұл соғыс. Ол жерде бәрі болуы мүмкін», — дейді Глеб Соломонованың әпкесі.