Ресейде Нұрлан Сабуровтың концерттері тоқтатылды

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Ресейде жоспарланған бірнеше концертi өтпей қалды. Соңғысы — Калуж облысындағы Обнинск қаласында өтуі тиіс шоу, ресми ақпаратқа сұйенсек «техникалық себептермен» тоқтатылғаны айтылған.
Дегенмен, көпшілік бұл шешімнің артында қоғамдық қысым және бұрынғы әзілдерімен байланысты мәселелер тұрғанын болжайды.
Бұған дәлел Сабуровтың Нижневартовск пен Екатеринбургтегі шоулары да болмаған.
Кейбір қоғамдық ұйымдар оның әзілдерінің мазмұнына наразылық білдіріп, концерттерін өткізбеуді талап еткен.
Менеджерлері билеттерді қайтаруға дайын екендерін айтса да, концерттердің қайта ұйымдастырылуы әзірге белгісіз. .










