Ресейден кеткен жұлдыздар. Олар қайда қоныс аударды?
Ресей Украинаға соғыс ашқалы біраз жұлдыз елден кетіп, биліктің әрекетіне осылай қарсылығын білдіріп жатыр. Арасында билік ауыспай Ресей оралмаймыз дегендері де, өзге елге уақытша қоныс аударғандары да бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен, бүгін назарларыңызға Ресейден кеткен танымал тұлғылардың бірсыпырасын ұсынамыз деп шештік.
Алла Пугачева. Примадоннаның елден кетуі қызу талқыланғаны рас. Біреулер оның мұнысын қолдаса, екінші тарап оны Ресей аумағына мүлде кіргізбеу керек деп жатты. Пугачева Ресей келіп кетінімен, қазір негізінен Израильде тұрады. Балалары да қасында. Дегенмен танымал әнші биліктің әрекетіне қатысты пікірін білдірген емес.
Земфира Рамазанова (Земфира). Өткенде ғана Қазақстанда концерт беріп, оның соңы дауға ұласқан әнші Парижде тұрады. Азаматтықтан бас тартпаған. Өзінің айтуынша, «елін жақсы көреді, бірақ мемлекетті жек көреді».
Артур Смольянинов. «9-рота» фильмінің басты жұлдызы Ресейден 2022 жылғы күзде кеткен. Қаңтарда Украина тарапында соғысуы мүмкін екендігін мәлімдеген соң, Ресей оны лаңкестер тобына қосты. Қазір АҚШ-та тұрады.
Чулпан Хаматова. Театр мен кино актрисасы Ресейдегі барынан бас тартып, Латвияның Юрмала қаласындағы шағын үйіне қоныс аударған. Ригадан үй сатып алып, жергілікті театрда өнер көрсетіп жүрген көрінеді.
Светлана Лобода. «ВИА Гра» тобының бұрынғы солисі отандастарына гуманитарлық көмек жіберіп жүр, бірақ өзі Латвияда тұрады. Еуропа мен АҚШ-та өтетін концерттерінде Украина туымен шығып, ана тілінде ән орындап жүр.
Андрей Макаревич. «Машина времени» тобының әншісі Крымның Ресейге қосылғанына қарсылық білдірген. Араға 8 жыл салып туған жерінен кетіп қалды. Қазір отбасымен Израильдің Нетания қаласында тұрады. Музыкант гастрольдік сапармен Қазақстан, Грузия, Канада мен АҚШ-та концерт берген, ал биылғы жазда Тель-Авивте жаңа кітабын таныстырды.
Иван Алексеев. Көпшілік арасында Noize MC лақап атымен танылған рэпер Литвада тұрады. еуропада өткізіп жүрген концерттерінен түскен қаржыны украин халқына көмек көрсетуге жұмсайды екен.
Алишер Моргенштерн. Есірткіге қатысты қылмыс бойынша айыпталған соң Дубайға қоныс аударды. Ресейдегі бизнесін жауып, жылжымайтын мүліктерін де сатып кеткен көрінеді.
Вера Галушка (Брежнева). «ВИА Гра» тобының бұрынғы әншісі қызы Сара және күйеуі Константин Меладземен бірге Италияға көшкен. Vera лақап атымен өнер көрсететін украин қызы екенін ресми мәлімдеді. Ол Ресейде өмір сүру құқығынан айырылды.
Мирон Федоров (рэпер Oxxxymiron). Санкт-Петербургке «Ойда» әнінің бейнебаянын түсіруге оралған, бірақ бұл ән Ресейде экстремистік деп танылып, оның таралуына тыйым салынды. Негізінен Америка мен Еуропада өмір сүреді. Украинада қолдайтынын ашық айтқан.
Little Big (Илья Прусикин мен Софья Таюрская) тобының әншілері АҚШ азаматтығын алмақ. Ресейге оралуға асықпайтынын да жеткізген.
Михаил Шац. Қазір Израильде өмір сүреді, стендаптарға қатысады. Алты жыл бұрын осы елдің азаматтығын алған.
Максим Галкин. Израильге қоныс аударғалы АҚШ пен Еуропа елдерін аралап концерт беріп жүр. Жақында Қазақстанға да келмек болған, алайда белгісіз бір себептерге байланысты концерті өтпейтін болды.
Семен Слепаков. Израильде тұрады. Танымал әзілкеш Еуропада стандап кештеріне қатысу арқылы нәпақасын тауып жүр.
Юрий Дудь. Танымал журналист әрі блогер өз елінде гомосексуализм мен тыйым салынған препараттарды насихатты деп айыпталған, сондықтан әзірге Ресейге оралатын ойы жоқ.
Ксения Собчак. Лидировала по заработку в Instagram среди российских блогеров в 2019-2020 гг. В марте 2022 получила израильский паспорт, а после обвинения в вымогательстве главы «Ростеха жылы Израиль төлқұжатын алып, кейіннен Литвада өмір сүріп жүрді. Өзіне тағылған айып алынған соң Ресейге оралған.
Гарри Каспаров. Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы да Ресейден кетіп қалған. Қазір Ресейдің әскерге қарсы комитетінің мүшесі.
Нюша. Танымал әнші күйеуімен бірге Дубайда тұрып жатыр. Биліктің әрекетіне қатысты пікірін білдірмесе де, өзінің жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін БАӘ-ні таңдаған секілді.