Ресейдің Киевке жасаған соққысы салдарынан әзербайжан мейрамханасы өртеніп кетті

Ресей тарапынан Украина астанасы Киевке түнде жасалған әуе соққысының салдарынан әзербайжандықтарға тиесілі “Орхан” мейрамханасы да өртеніп кетті, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Report агенттігінің Шығыс Еуропадағы бюросы.
Украинада әзербайжан мәдениетін насихаттап келген бұл мейрамхана толығымен жанып кеткені айтылды.
Айта кетейік, Киев мэрі Виталий Кличко өзінің Telegram-арнасында хабарлағандай, шабуыл салдарынан кемінде 19 адам жарақат алған.
Сондай-ақ, қалада теміржол инфрақұрылымы зақымданған, ал кейбір аудандарда зымыран сынықтары өртке себеп болған.
