АЛТЫНОРДА
Қазақстан жаңалықтары

Ресейдің Киевке жасаған соққысы салдарынан әзербайжан мейрамханасы өртеніп кетті

Ресей тарапынан Украина астанасы Киевке түнде жасалған әуе соққысының салдарынан әзербайжандықтарға тиесілі «Орхан» мейрамханасы да өртеніп кетті, деп хабарлайды Altyn-orda.kz  Report агенттігінің Шығыс Еуропадағы бюросы.

Украинада әзербайжан мәдениетін насихаттап келген бұл мейрамхана толығымен жанып кеткені айтылды.

Айта кетейік, Киев мэрі Виталий Кличко өзінің Telegram-арнасында хабарлағандай, шабуыл салдарынан кемінде 19 адам жарақат алған.

Сондай-ақ, қалада теміржол инфрақұрылымы зақымданған, ал кейбір аудандарда зымыран сынықтары өртке себеп болған.