«Ресейдің терроршыларымен келісімге келуден еш пайда жоқ» — Украина Президенті
Ресей Украина аспанын торып, тағы зымыран соққысын жасады. Орыстардың мұндай басқыншылығына қатысты Украина басшысы В. Зелинский мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Президент бұл «бірбіткейліктің» немен тынарын айтып, «қой дегенде қоймаған, арашаға зар боларын» қатаң еске салды. Бұл турасында «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.
Украина Президенті: «Ресей бүгінгі зымыран соққысы арқылы Будапешт меморандумын кері ысырды. Құжаттың Ресей тағдырын шешетін саяси салмағы бар еді. Одан да құр алақан қалды.
«Ресей терроршылармен келісімге келіп, бейбіт күнге жету — cандырақ. Олар сөзінен тайқып, келісімнен қашып шыға келеді. Оған жанашырлық көрсету — жаңа соғыс бастау деген сөз.
Сондықтан табанды түрде Ресейдің құлдырауына ықпал етеміз. Жерімізді азат ету, оларға ойсырата соққы жасау, өлім-жітімге себепкер болғандарды сабасына түріру, міне, бейбітшілікке жету деген осылар», — деді өз сөзінде.