Ресейлік актерді Қазақстан шоколадының жарнамасына түскені үшін соққыға жықты

Ресейлік актер Егор Куликов Алматыдан Мәскеуге оралғаннан кейін ұсталып, тергеліп, соққыға жығылғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл қудалауға Қазақстан шоколадының әзіл жарнамасына түсуі себеп болған, деп хабарлайды Altyn-Orda.kz.

Алматыда түсірілген роликте Куликов шекарадан өткен ресейлікті сомдайды. Оны қазақ даласында салт атқа мінген жігіт қарсы алып, «еркіндік дәмі бар» шоколад ұсынады.

Ресейге оралған соң Куликовты полиция ұстап, жалған ақпарат таратты деп айыптады. Тергеуден кейін оны белгісіз азаматтық киімдегі адамдар соққыға жығып, ауыр жарақаттар қалдырды. Актер ауруханаға жеткізіліп, кейін мәлімдеді:

«Тірі қалдым, бірақ әбден ұрып тастады».

Кейін оның пәтерінде тінту жүргізілді. Осы оқиғалардан соң Куликов Ресейден кетуге шешім қабылдап, АҚШ-қа қоныс аударды.