Ресейлік қашқын жылқы сойған қазақтарға наразылық білдірді

Петерборлық эко-блогер Алексей Сибирский мобилизация жарияланған соң бірден Қазақстанға қашқан. «Есіктен кіріп, төр менікі» деген блогер Қазақстанда жылқы сойғандарға заң жүзінде рұқсат берілгеніне наразылық білдірді. Ол Қазақстандағы жылқыларды сатып алып, ТМД-ның өзге елдеріне жіберу жолын ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 
«Жылқыны еті үшін бауыздайды! Нән семіздерін де, жас тайларын да  қасапханаға жібереді. Құны — бес тиын. Жай ғана тамағынан бауыздап, қан кетуін күтеді. Жылқылар да ақыл-ой және эмоционалды қабілеті жағынан иттерден кем емес. Итке зәбір көрсеткендерді жазалаймыз, жылқы етін жегендерге бей-жайлық танытамыз. Заңды түрде қасапшылықты тоқтату мүмкін емес. Бірақ жылқыларды сатып алып, олардың өмірін сақтап қалуға болады. Бір жылқының құны 72000 рубль (саудаласуға болады). Ресейдің және ТМД елдерінің кез келген қаласына арзан тасымалдау мүмкіндігі бар”, – деп жазды ол.
Мұнымен қоса блогер Қазақстан қоғамында «пысықайлық» танытып,  жылқыларды құтқару үшін арнайы шот ашты. Ол өз желісінде «жылқыларды құтқарамын» деген желеумен ақша жинауды бастаған.
 
Жалпы әлемде жылқы етін тұтынатындар қатарында қазақ, қырғыз, өзбек, моңғол, татар секілді ұлттар бар. Қазақ жылқы жануарын айрықша әспеттейді, жеті қазынаның біріне балайды. Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов жылқы етінің құдіреті жайында:
— Жылқы етінің кереметі сол, оның сіңімділігі – қой мен сиыр етінен қарағанда 3 есе жылдам. «Атам қазақтың «Жылқы еті – төсегіңе жатқанша, сиыр еті – бозарып таң атқанша, қойдың еті – келесі күн батқанша» деген қанатты сөз бар, — деп пікір білдіреді.
Қазақ үшін сәйгүлік атаулының киесі бар. Қазақ бет-албаты тұлпарды зорықтырмайды, жөн-жосықсыз жылқыны бауыздамайды. «Ай — ат басын бұрғанша, жыл — жылқы аунап тұрғанша» деп ат біткенді айрықша қадірлейді.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADYRNA.KZ — Жаңалықтар (@adyrna.kz)