Росатом шетелде АЭС салу мүмкіндігінен айырылды
Росатом шетелде АЭС салу мүмкіндігінен айрылды деп хабарлайдыdalainside.kz ке сілтеме жасаған altyn-orda.kz/
Ресей Қазақстандағы АЭС құрылысына үміткерлер қатарынан кетуі мүмкін. Себебі, АҚШ Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін кәсіпорындарға қарсы санкциялар пакетін жариялады. Атап айтқанда, Росатом жобаларын шетелде дамытуға жауапты «Русатом Оверсиз» компаниясына қатысты шектеулер қойылды.
АҚШ Ресей мен басқа да мемлекеттердің 34 жеке және 120-дан астам заңды тұлғаларына қарсы санкция салды. Тиісті тізімді 12 сәуірде АҚШ Қаржы министрлігі жариялады. Оның құрамына, басқалармен қатар, ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясының құрылымына кіретін кәсіпорындар кірген.
АҚШ-тың ізін ала Еуроодақ Росатомға санкция салу мүмкіндігін қызу талқылай бастады. Қазір оған тек Венгрия қарсы болуда. Себебі, Росатом Венгриядағы «Пешт» атом электр станциясы құрылысын аяқтауы тиіс. Балтық жағалауы елдері, әсіресе Литва Росатомның тек Венгриядағы қызметін ғана шектемей, қалған жұмысына санкция салу бойынша консультациялар бастап кетті.
Қазақстан өзіндегі ірі жобаны санкция салынған компанияға тапсыра алмайды. Себебі, ол Батыстың алдында санкция режимін бұзды деп есептеледі. Бір жағынан, бұл Тоқаев үшін Кремль диктатынан құтылып кетудің тамаша сылтауы. Егер Ресей АЭС салушылардың шорт парағынан шығып қалса, онда бізде Франция, Оңтүстік Корея мен Қытай компаниялары қалады. Франция мен Қытайдың технологиясы бір — ол EPR-1200. Қазақстан осы технология бойынша АЭС-терге ядролық отын дайындайтын ел болып табылады. Сондықтан отынмен проблема болмайды. Бірақ, АЭС-ті Францияның салуы тым қымбат болып тұр. Ал Қытай өзінде 50 АЭС салуы тиіс. Бізге қолы босамайды. Олар «күтіңдер» деді.
Ең арзаны және ең қауіпсізі — Оңтүстік Корея. Қазақ атомшыларының ойы да осы Оңтүстік Кореяға ауып отыр. Бізді ұстап тұрған бір ғана мәселе – біз Оңтүстік Корея технологиясы бойынша ядролық отын дайындауды әлі игермедік. Бірақ Оңтүстік Корея оның технологиясын бізге беруге дайын екендігін ресми мәлімдеді. Егер шын келіссе, онда Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының базасында қазір Қытайға АЭС отынын жасап жатқан «Үлбі-ТВС» сияқты тағы бір зауыт салуға болады.
Қазір Оңтүстік Кореяның АЭС технологиясы үшінші буынды APR-1400 реакторларына негізделген. Бұл қуатты, қауіпсіздігі өте тамаша, жаңа реактор. 1400 МВт қуат береді. Қазақстан үшін таптырмас таңдау. Балқашқа осындай 4 реактор (бір АЭС), Курчатовқа 4 реактор (бір АЭС), Шардараға 2 реактор (бір мини АЭС) қойып, болашақтың бар проблемасын шешіп алуға болады.
APR-1400 (Advanced Power Reactor 1400 MW electrity) — Korea Electric Power Corporation (KEPCO) ядролық корпорациясы әзірлеген қысымды судағы ядролық реактор.
Бұл реактор үшінші буынды, яғни жаңа деп саналады. Ол өз уақытында ең қауіпсіз деп танылған OPR-1000 негізінде әзірленген. Қауіпсіз болғандықтан АҚШ пен Еуроодақ оған сертификат беріп, әлемнің кез-келген нүктесінде тұрғызуға рұқсат берді.
Жақын уақытта Қазақстан «ядролық остров» бойынша түпкілікті шешімге келуі тиіс. Қазақ ұлты — атом, ядролық технологияларды жетік меңгерген ұлттардың қатарына жатады. Қазір Қазақстанда үш тәжірибелік атом реакторы жұмыс істеуде. Курчатов қаласындағы «КТМ — Токамак» термоядролық құрылғы болып табылады. Көп елдер магнитты катушкадағы ториалды ядролық камерамызда өз тәжірибелерін өткізіп жүр.