Ростов облысында әскерге шақырылғандарға қару-жарақ берілді
Ресейдің Ростов облысының бірқатар полиция бөлімдерінде Бекініс жоспары жарияланды. Қызметкерлерге ескерту жасалып, әскерге шақырылған сарбаздарға қару берілді, деп хабарлайды Arbat.media ға сілтеме жасаған altyn-orda.kz/
«Бекініс» жоспары жеке құрамды шұғыл жинауды және құқық қорғау органдарының ерекше маңызды объектілерін бақылауға алуды көздейді.
Жоспар сыртқы шабуылға тойтарыс беруге дайын болуды да қарастырады.
РосСМИ Ростов-на-Донуда әскерге шақырылғандарға қаруды түсіндірместен береді деп хабарлайды.
Дон тас жолында (Мәскеу – Воронеж – Ростов-на-Дону) бақылау бекеттері орнатылған. «Қауіп төнген жағдайда» атыс ашу туралы бұйрық берілді.
Ростов орталығына әскери техника тартылды, тікұшақтар аспанға көтерілді.
Ростовтан басқа облыстың басқа шекаралас қалаларында да әскери техника байқалды.