Роза Рымбаева немересі Зейіннің бесік тойын дүркіретіп өткізді (видео)

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева көптен күткен тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойын жасап, қонақтардың басын қосты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әйгілі әншінің келіні Ақерке Бүркітбаева жақында шекесі торсықтай ұлды өмірге әкелген болатын. Әли Оқаповтың тұңғыш ұлы мен Роза Рымбаеваның тұңғыш немересіне Зейін деген есім берілген. Әнші немересенің бесік тойын Алматыдағы мейрамханалардың бірінде дүркіретіп атап өтті. Той қонақтары арасында елімізге танымал Мақпал Жүнісова, Ақбота Керімбекова, Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Майғазиев, Жеңіс Ысқақова, Шәкизада сынды жұлдыздар бар. Тойда Роза Рымбаева немересін жанды дауыста ортаға алып шықты. Айта кетелік, кішкентай сәби ақпан айында дүниеге келген. Әншінің әже болғанын айтып, халықтан Мақпал Жүнісова сүйінші сұраған болатын. Ал сәбиге есімді Әли Оқаповтың өзі қойған. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ⚜️ ᔕᕼᗩᕼIZᗩᗪᗩ ⚜️ (@shahizada.art)