Сайлаудан кейін үкімет тарайды

Қазақстан үкіметі сайлаудан соң отставкаға кетеді. Бұл жөнінде премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Біз отставкаға кетеміз. Жаңа үкімет жасақталғанша міндетімізді атқара береміз. Жаңа премьер-министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді», – деді Әлихан Смайылов
Қазіргі премьер-министр министрлер кабинеті мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге әрқашан дайын екенін атап өтті.
