«Сақтандыруы болмағандықтан, ауруханалар қабылдамаған»: Семейде келіншек аштықтан өлуге сәл қалған (видео)
Семейде келіншек бірнеше ай бойы нан мен сумен күн көріп, ашыққан. Себебі ауруға шалдығып, жұмыс істей алмапты. Ал медициналық сақтандыруы болмағандықтан, оны ешкім емдемеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Семейлік әйел аштықтан жүруге де әлі жетпепді. Ауруына байланысты ол жұмыс істей алмады және медициналық сақтандыруы болмағандықтан, оны ешбір аурухана емдемеді. Үш адамнан тұратын отбасы (анасы, қызы және немересі) 54 мың теңге жәрдемақыға тұрады. Соған әйелдер үй жалдап, көмір мен электр жарығын төлейді. Олардың ақшасы тек нанға жетеді, ал тиын-тебенге балаға тамақ аламыз дейдіқ.
“Келіншек 32 жаста. Ол қоңырау шалып, «Көмектесіңіз, біздің жейтін асымыз жоқ, мүлдем ештеңе жоқ!» деп жылады”, — деді қоғам белсендісі Ержан Амарханов Instagram парақшасында.
Блогер олардың жағдайын көріп, қатты шошыды.
“Сонда депутаттар неге отыр? Каспиді тексеріп, уақытты өзгертіп не керек… Бұл жерде соғыстың қажеті жоқ. Соғыссыз-ақ адамдар қырылып жатыр!, — деді ол.
Көпшіліктің наразылығынан кейін арық қыз ауруханаға жатқызылды. Анасы мен қызына шамалы уақытқа жететіндей тамақ берілді.
Камиланың өзі талдықорғандық, бірақ өзіне де, баласына да жиі қол көтеретін күйеуінен қашып кеткен екен. Осылайша анасы және қызымен Семейге көшіп келген. Ол еден жуушы, көше тазалаушы болып толық емес жұмыс істеген. Бірақ кейін ауырып қалыпты. Салдарынан отбасы 54 мың теңге жәрдемақыға тұруға мәжбүр болды.
Камила ауруханадан келіп, азық-түлік беріп, көмектескендердің барлығына ризашылығын білдірді.
“Қазір тамырға дәрі алып жатырмын. Мені және менің отбасымның, қызым мен анамның аштықтан өлуіне жол бермегендердің барлығына алғыс айтқым келеді», – деді ол.
Ал Ержан Амарханов Камиланың отбасына баспана алуға көмектесу үшін қаражат жинауды бастады.