«Салпақтаған хиджаб, бастарында орамал»: Үстерін тұмшалап, орап алған бір топ қазақтың қыз-келіншегі елден оңбай сөз естіді
Желіде үстеріне хиджаб, бастарына орамал таққан бір топ қазақ қыздарының суреті тарады |
Мұндай образдағы қыз-келіншектер, әсіресе желі қолданушыларына жақпай қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы тілшісі.
Желі қолданушылары әсіресе қыз-келіншектердің арабтанып, үстерін бүркемелеп, жауып алғаны ұнамаған.
«Ұят емес пе, осыларың? Бізге енді жетпегені осы еді?», «Қазаққа енді оранған қазақ, оранбаған қазақ деп бөліну қалды, әжелерімізді көріп өстік қой бәріміз, дәл бұлай тұмшаланбаған ешкім», «Арабтанып бара жатырмыз десеңдерші, орыстанып болдық, енді бізге осы арабға еліктеу қалып еді» жеп жазған олар.
Дәл осы сипаттас пікірлер аталған сурет арасында 100-ден асып кеткен.
Айта кетейік, бұған дейін белгілі ақын Светқали Нұржан да өзінің қазақ басылымдарының біріне берген сұхбатында, «беттерін жүн, кеуделерін жалған дін басып алғандар» деп, өзге ағымның жетегінде кеткен адамдарды сынға алған еді.