«Шаһизадаға тиісе бермеңіздер»: Ерболат Ержанбаев көпшілікке ескерту жасады (видео)

Отандық әнші Шаһизада жыл басында көпшілікке өзінен 18 жас кіші Ерболат Ержанбаевты жігітім деп таныстырып, хайп жасаған болатын. Осы орайда Ерболат Ержанбаев Instagram парақшасында Шаһизаданың бұл әрекетін сөз қылып жүргендерге ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерболат Ержанбаев өзінің Instagram парақшасындағы stories бөлімінде көпшіліктен Шаһизадаға тиісе бермеуін сұрады. «Instagram-да хайптан кейін неше түрлі нәрсені Шаһизада әпкеге жазып жатқан көрінеді. Өздеріне адам жинауды көздейтін неше түрлі пабликтер бар. Сондықтан Instagram-дағы өсекші пабликтерге айтарым: Шаһизада әпкеге көп тиісе бермеңіздер. Ол да әйел адам, әйел адам нәзік жанды…», — деп айтты Ерболат.

kaz.nur.kz