«Шақырса келісер ем»: Ермахан Ибраимов бас бапкерлікке ұсыныс түспегенін айтты

Қазақстандық әуесқой боксшы, 2000 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов Barys Media youtube-арнасына берген сұхбатында боксшылардың жеңілісіне не себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кезінде министрлікті басқарып отырған Темірхан Досмұхамбетов, Аманша Ақпаев ағаларымыз міндетті түрде олимпиадаға Жақсылық Үшкемпіров ағамызды алып алатын. Ол бізге рух беріп, көтермелеп, «жарайсыңдар, жігіттер» деп қолдап жүретін. Команданың көбісі қазақтар болғандықтан бойына күш-қуат беретін жақсы сөзді қазақша естігісі келеді. Былайша айтқанда, олар «жеңіс бойтұмарын» Қазақстанда қалдырып кеткен сияқты. Негізі мен бірнеше рет айттым, ымдап та білдірдім. Министрліктен әлде спорт комитетінен қателік кетті ме, әйтеуір қол бұлғап, «хатты жібереміз» деді де кете барды. Бір сөзбен айтқан кезде бізді керек қылмады. Бойтұмарды қажет етпеген шығар. «, — деді ол.

Сондай-ақ. ол бас бапкерлікке байланысты ұсыныс түспегенін айтты. Егер шақырса консультант болып баруға келісім беретінін мәлімдеді.

«Біздің боксмызды қатты төмен құлап кеткен жоқ. Мырзағали Айтжанов ол жаққа команданы апарарда «жеңілейін» деп барған жоқ қой. Жеңіс тұғырынан көрінгісі келді, бірақ сәтін салмады. Мырзағали бар тәнімен спортқа берілген азамат. Бірақ 2000 жылы Тұрсынғали Еділов жеткен жетістікке бапкерлердің ішінде ешкім жете қойған жоқ. Маған бас бапкерлікке байланысты ұсыныс түспеді. Шақырса да «ұлттық құрамаға консультант» болып баруға келісер едім»,— деді ол.