Шалақазақ тіліне бойкот жариялаймын! – Жанар Байсеміз (ВИДЕО)

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы, журналист Жанар Байсеміз қоғамда адамдардың қазақша-орысша араластырып сөйлеуіне қарсы шықты, деп хабарлайды   Altyn-orda.kz       Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасай отырып .

Ол тіпті, «шалақазақ» тіліне бойкот жариялады.

«Орысша сөздер күнделікті сөйлеу тілімізге айналғаны соншалық, тіпті, біз байқамай орысша араластырып айта беретін болғанбыз. Бұрын бұған аса мән бермейтінмін. Қазір бұл мәселе жүрегімді ауыртатын болды.

Тілді тазалау үшін не істеуіміз қажет? Әркім өзінен бастай ала ма?!

Құлдық санадан арылатын кез қашан туады?! Сіз, күнделікті өмірде қандай орысшаны ана тіліне араластырасыз? Әп-әдемі ана тіліміздің шұбарлануына кім кінәлі?!

 P.S. Ескерту! Бұл аққұлақтардың тіліне қарсылық емес. Не таза орысша немесе таза қазақша сөйлейік», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhanar Baisemiz (@janar_baisemiz)