Шавкат Мирзиёев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон Астанаға жұмыс сапарымен келеді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға жұмыс сапарымен келеді. Олар елордада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің салтанатты ашылуына қатысады деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, ашылу рәсімінде сөз сөйлейді. Төрт мемлекеттің басшыларының бір алаңда бас қосуы турнирдің спорттық қана емес, халықаралық маңызы жоғары оқиға екенін көрсетеді.
«Болашақ ойындары – 2026» жарысы Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Турнирге 34 елден 800-ден астам спортшы қатысып, жүлде қоры 4,65 миллион долларды құрайды. Қатысушылар киберспорт пен дәстүрлі спортты біріктіретін сегіз фиджитал бағыт бойынша бақ сынайды.
Жарыстар елорданың төрт ірі спорт нысанында ұйымдастырылады. Олардың қатарында «Барыс Арена», Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, Qazaqstan жеңіл атлетика кешені және Beeline Arena бар. Ашылу салтанаты 29 шілде күні сағат 17:00-де өтіп, отандық телеарналар мен интернет платформалар арқылы тікелей көрсетіледі.
Соңғы жаңалықтар
-
Өскеменде жоғалған сарбаз үйін сағынғандықтан гарнизоннан кетіп қалған
29.07.2026, 14:35 -
Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты
28.07.2026, 16:15
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










