Шавкат Рахмонов UFC-ке қайта оралуға дайындалуда

UFC-тің жартылай орта салмақтағы қазақстандық жауынгері Шавкат Рахмонов жарақатынан толық айығып, 2025 жылдың басында октагонға қайта оралуға дайындалып жатыр. Бұл туралы оның менеджері Саят Әбдірахманов MMA Metaratings басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Менеджердің айтуынша, мамыр айында Рахмоновқа Белал Мухаммедке қарсы чемпиондық жекпе-жек өткізу ұсынылған, алайда денсаулық жағдайына байланысты ол бұл кездесуден бас тартуға мәжбүр болған. Қазір спортшы қалпына келу кезеңінде және алдағы айқасқа әлеуетті қарсыластарды қарастырып жатыр.
Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткен UFC 310 турнирінде өткізіп, Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Қазіргі уақытта қазақстандық спортшының есебінде 19 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.
«ҚТЖ» Әзербайжанға астық жеткізуді 25 есеге арттырды
01.12.2025, 11:26Қонаев қаласында шетелдік инвесторлар екі жаңа казино салып жатыр
27.11.2025, 17:35
Соңғы жаңалықтар
-
«ҚТЖ» Әзербайжанға астық жеткізуді 25 есеге арттырды
01.12.2025, 11:26 -
Қазақстандық мобильді операторлар байланыс тарифтерін қымбаттатуда
28.11.2025, 11:38 -
Қонаев қаласында шетелдік инвесторлар екі жаңа казино салып жатыр
27.11.2025, 17:35 -
Қазақстандық жасымық экспорты Түркия бағытында рекорд жаңартты
26.11.2025, 15:09
Үздік жаңалықтар
-
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
22.01.2024, 13:17
Біз туралы
Altyn-orda.kz сайты 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс жасауда. Біз 13 жыл бойы еліміздегі және әлемдегі маңызды ақпараттарды таратудамыз.
Материалды көшіріп басу кезінде Altyn-orda.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.
Бізбен байланыс
Телефон: +7 707 590 77 27
Email: smaleev59@mail.ru










