«Шенеуніктердің жемқорлығы»: атышулы » Кублей» зауытына қатысты өтіп жатқан сот жарызсөзінде заңгерлер жаңа мәліметтерді жариялады

Бүгін 27 желтоқсан  «Кублей» ЖШС кәсіпорны мен бітіспес қарсыластар Орал қаласының әкімдігінің сот залында тағы бас қосып, сот жүріп жатыр деп хабарлайды Матрица.кз.

«Кублей» ЖШС соңғы сот отырысынан кейін Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен шағым түсірген болатын.

 Сот залында екі тараптар бойынша жарыс сөз болып жатыр. Ақпараттарға сүйенсек зауыт соңғы үш жылда бюджетке 5 миллиард 652 миллион теңге салық төлеп келген. Сот ісі 13 томды құрап отыр.  Оның тоғыз томы тек Кублей тарапынан түскен дәлелдемелік құжаттар.

Сот әкімдік пен қарсы тараптың адамдарына бірнеше рет ескерту берді. Себебі,  әкімдіктің өкілдері мен заңгерлері Кублей тарапының заңгерлері сөйлегенде кекетіп,  мұқатып сот ісіне кедергі келтірумен келген.

Заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша мамандандырылған экономикалық сотттан кейін Үкіметке сауалхат жолдаған.   Үкімет тиісті екі профильді министрлікке хатты түсірген. Ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты құрылыс және жкх комитеті және ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. Бұл ведомстволардың жауаптары қолында тұр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты құрылыс және ЖКХ комитеті өндірістік аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынған деп нақты көрсетті. Министрліктің сотқа жолдаған қорытындысында әкімдік бас жоспарды қатаң түрде бұза отырып, ондағы талаптарды елемеген жергілікті билік «Циалковский» тұрғын үйі бас жоспарға қарамай өзінің қаулысымен бекіткен деп заңбұзушылықтарды көрсетіп отыр. Яғни бұл заңбұзушылық әкімдіктің тікелей кінәсі және қолдан жасалған деп,  министрлікті хатында көрсеткен.  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңсыздықты толығымен әшкерелеп отыр.

Ал санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау комитетінің сотқа жіберген жаңа жіберген жауабында «Кублей» зауытының санитарлық қорғау аймағы бар.  Ол аумақ кемінде 100 мет болуы тиіс және ол жерде тұрғын үйлерді салуға тыйым салынған. Демек, «Циалковский» тұрғын үй кешені зңсыз соғылған деп нақты көрсетіп отыр. Осы екі ведоствоның жауаптарыны ңнегізінде сот шешім шығара салуы керек.  Бірақ, жоғарғы соттан «Кубейдің» пайдасына шыққан соттың шешімін қалай да бұзу керек деген шешімін бұзу керек деген тапсырма түскен соң, соған әкелді.

Құжаттарды заңсыз рәсімдеуден бөлек бюджеттің қаражатын талан-таражға түсіру де бар.  Ол үшін қылмыстық іс қозғауға болады. Заңсыз соғылған үйге мемлекет есебінен коммуналдық қызмет түрлерін қосып беру бюджеттің ақшасын шашу ғой. Себебі,  28 желтоқсан 2020 жылы БҚО сотының шешімі шыққан. Онда Орал қаласының 3 қаулысы да заңсыз шығарылғаны айтылған. Демек сол қаулы шыққан сәтттен бастап, коммуналдық жүйелерді орнатынын мекемелер жұмысын сол сітте тоқтатуы керек.  Соттың шешімін орындамаса заңның үстемдігінің мәні неде? Бірақ бәріміз білеміз Оралда заң жоқ, әділдік жоқ.

Электр энергия, ыстық және суық су, кәріз жүйесі заңсыз тартылған әрі қосылған. Өкінішке қарай бұған жергілікті прокуратура да ләм-мим дей алмаған.  Коммуналдық қызмет түрлері берілгендіктен, соны пайдаланған құрылыс компаниясы әрі қарай пәтрлерді сата бастаған.  Осылайша, алданған халықты мемелекеттің өзі қоса тағы да алдап жатыр.

«Біз 11 рет өткен сот барысында Орал қаласындағы лауазымды тұлғалардың қылмсытық топтың әрекетін әшкереледік. Соның ішінде жалған құжаттарды әзірлеу, қызмет бабын асыра пайдалану , мемлекеттің бюджетін талан-таражға салу. Дәл осы баптарды негізге ала отырып, оларды түгел тергеуге болады.

Ендігі шығатын соттың шешімі  «Кубей» зауытының барлық талап-арызын толығымен қанағаттандыру керек. Сосын құрылыс компаниясының иесі  2,3 және 4-ші үйлерден пәтер сатып алған азаматтардың ақшасын қайтарып беруі тиіс немесе басқа жерден пәтер беруі қажет.

Біз заңның негізіне сүйенеміз. Себебі «Кублей» зауыты бұрыннан бар және оның санитарлық аумағы анықталған әрі бекітілген.  Құжаттары бар. Ал мына үйлер 2020 жылы пайда болды.  Бірақ сотқа келіп байбалам салып жүрген адамдар заң бойынша пәтерлердің иесі емес. Меншік құқығы азаматтық кодексте жылжымайтын мүлік заңды тіркеуге алынған соң барып беріледі.  Ал мемелкеттік тіркеуге алынуы үшін кешенге мемлектке акті беріледі. Құрылыс компаниясы мен тұрғындардың келісімі азаматтық кодекс шарт болып есептелмейді.  Өкінішке қарай, ір сотта байбалам салып, шу шығарып, тіпті біздің жеке басымызды қорлап, қарап-сілеп, жылаған-құлаған эмоцияларын көрсетеді. Бұл сотқа екінші тараптың қолдан жасап отырған қысымы.   Сондай-ақ, «Кублей» зауытына және оның заңгерлері мен басшыларына жасалған психологиялық қысым. Сөйтіп мына істі өз пайдаларына шешкізгісі келеді. Бірақ, айғақтың бәрі біздің қолымызда», дейді заңгер Бақытжан Базарбек.

Құрылыс компаниясының басшысы халықты жалған ақпаратпен үгіттеу арқылы соттың шешімін өз пайдасына шығарту.  Бұлай істеу әкімдікке де пайдалы болып тұр.

Негізі бұл соттаспай-ақ шешілетін дүние. Өйткені, Ерменованың қарамағындағы жер телімі бөліп, рәсімдеуге болатын жер.  Сондықтан, сотқа келіп шу шығарып жүрген 1-ші үйің тұрғындарына бұл мәселені қатысы жоқ. Өйткені, олар 100 метрлік аумаққа кірмейді. Тек 2,3 және 4-ші үйге қатысты. Ал сот процессіне келіп жүргендердің басым бөлігі осы 1-ші үйдің тұрғындары. Ал Ерманова жерді бөліп, әлдеқашан ол азаматтардың үйін заңды түрде құжат беруге мүмкіндігі бар еді. Мұны тұрғындардың өзі де компанияда талап етпейтін болып тұр. Ерменова осы тұрғындарды пайдалану арқыл заңсыз салынған өзге де үйлерге құжат алғысы келеді.

«Кублей» зауытна төнген қауіпті сөзбен жеткізу қиын. Бұның салдары өте ауыр жағдайларға алып келеді. Кәсіпорын жабылса, 700-ге жуық жұмысшылары, Ақтөбе, БҚО, Атырау облыстарында балықпен айналысатын және мал шаруашылығын жүргізіп отырған 3 мыңға жуық шаруа қожалғының адамдары көшегі шығып, жолды жабады. Себебі олар өнім өткізетін басқа зауыт таппай қалады.  Бір ғана соттың теріс шешімі арқылы қожалықтардың барлығы қаңырап қалады.  Ең сорақысы «Кубей» сияқты Қазақстанның әр өңіріндегі өндіріс орындарына да қауіп төнеді.  Яғни, өндіріс аумағынан құрылыс салу басталады. Олардың барлығы «кубей» зауытына қатысты заңның әзділ үстемдік құратын не құрмайтынын қадағалап, аңдып отыр. Екі жылдан аса соттасып, әділдік орнама елдің «әділетті, жаңа Қазақстанға» деген үміті сөнеді.  Ауыр болса да, айтуға тура келетін жайт «қаңтар оқиғасында» көшеге шыққан халықтың біразы әділетсіздіктен зардап шеккендер болды.  Құқық қорғау органдары, соттың, әкімдіктің әділетсіз әрекеттерінен әбден мезі болғандар еді ғой. Соның кесірен далаға шықты.  «Кублей» зауытының ситуациясы барлық әділетсіздіктің детонары болуы мүмкін.

Соттың әлі толық шешімі шықпады.

Тегтерktqre