Шойгу Ресей әскеріне Днепр өзенінің шығысына қарай шегінуге бұйрық берді
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей әскерлеріне Днепр өзенінің шығысына қарай шегінуге бұйрық берді. Бұл туралы Ресей күштерінің біріккен тобының қолбасшысы Сергей Суровикин НВО аймағындағы жағдай туралы баяндама жасағаннан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Әскерлерді шығарудан бастаңыз және жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы Днепр өзені арқылы қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдаңыз», — деп бұйырды Шойгу.
Сондай-ақ, ол ресейлік әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы әрқашан басымдық екенін атап өтті.
Еске салайық, мамыр айында «Единая Россия» бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак Ресей Украинаның Херсон қаласында мәңгі қалады деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, өткенге қайта оралуға болмайды. Алайда араға 6 ай салып, Ресей әскері Херсоннан шегінуде.