Шымкентте бағдаршамда тұрып есірткі шеккен тұрғын ұсталды
Шымкентте бағдаршамның қызыл түсінде тұрып есірткі шеккен тұрғын бейнежазбаға түсіп, кейіп оны полиция ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.
Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамға тоқтап, қағаз ақшаны түтікке домалатып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскегені бейнежазбада анық көрінеді.
ЖБО-ның кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады. Тәртіп сақшылары көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады. Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды, — деп жазылған ПД хабарламасында.
Қазір аталған дерек бойынша ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатқаны мәлім болды. Сондай-ақ, 24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.