Шымкентте балабақша қызметкерлері балаларға банан таратып беріп, фотоға түсірген соң жинап алған

Желіде Шымкенттегі балабақшада бейнебақылау камерасына түсірілген видео тарады. Видео сипаттамасында балабақша әкімшілігі балаларға банан таратып беріп, фотоесеп берген соң оларды қайтар жинап алғаны жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КЕ сілтеме жасаған Altyn-orda.kz
Видеоны көрген желі қолданушылары оған пікір қалдырып жатыр.
“Ұят емес пе, сотсыз, тергеусіз жұмыстан шығару керек”, “Жаныңа батады. Қараңыздаршы, қабығын енді тістеп үлгерген баладан бананды қалай тартып алған?!”, “Сұмдық!”, “Үнемі аш, оларға бәрібір аз көрінеді”, “Түбіне жетті”, – деп пікір қалдырған желідегілер.
Қалалық білім басқармасының өкілдері жазбаға қатысты түсінік берді. Олар шағымнан кейін мектепке дейінгі мекемеде тексеріс жүргізілгенін хабарлады.
“Бейнежазбаны қарап шыққаннан кейін бұл жағдай 2026 жылдың ақпанында болғаны анықталды”, – дейді білім басқармасы өкілдері.
Мекеме меңгерушісі мен қызметкерлерінен түсініктеме алынған.
“Бейнежазбадағы бес қызметкердің үшеуі жұмыстан шығарылғаны анықталды”, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бұл фактіге қатысты қалалық білім беру басқармасы полиция департаментіне, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментіне және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хаттар жолдады.
Құзырлы органдар тиісті шешім қабылдайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










