«Шындық ашылсын»: Түркістан облысында денесі арнадан табылған қыздың анасы мәлімдеме жасады

26 наурыз күні әлеуметтік желілерде Түркістан облысында 11 жасар Інжудің жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. 4 күннен кейін қыздың денесі ауылындағы арнадан табылды. Бұл туралы Інжудің ойнауға бірге шыққан құрбысы 4 күннен соң бейнебақылау камерасындағы бұлтартпас айғақтардан кейін ғана мойындады. Марқұм қыздың анасы құрбысының сөзіне сенбейтінін, істе бір шикілік барын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан арнасына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, көшедегі бейнежазбаларды зерделеу барысында Інжудің аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды.  Тіпті полицейлер Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу арқылы, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын білген. Алайда құрбысы бұл жағдайды төрт күн бойы ешкімге тіс жармастан жасырып келген.

Марқұм Інжудің анасы қызының құрбысының сөзіне сенбейтінін айтты. 

«Қызымның оралмағанына сене алмаймын. Камераның бәрін ашып, өзім көріп, өзім таппасам… 5 күн бойы қанша халық іздеп жатқанын біліп тұрып, енді келіп анасы мен қызы, өзімнің көршімнің айтып отырғанына еш сене алмаймын. Бірге бардық, өзі түсіп кете салды суға дейді. 5 күн бойы қалай жанымда менің ұйықтады? Шіміркпестан айтып отыр. Бұлардың беттерінде тұр бәрі. Мен еш сене алмай отырмын. Жылы жапқанын мен қаламаймын. Маған шындық ашылсын! Менің айтарым осы. Жұмыс істелсін, шындық ашылсын!»,- дейді қайғыдан қан жұтқан ана.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Әр қазағым жалғызым 🇰🇿 (@shyndykz)