СҚО-да мемлекеттің есебіне алынбаған орман алқаптары анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында 9 мың гектардан астам орман мемлекеттік есепке енгізілмей, қорғалмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Ормандар Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют және Тимирязев аудандарында орналасқан. Уәкілетті органдар оларды орман қорына қоспағандықтан, бақылау жүргізілмеген.
Прокуратура талабы бойынша түгендеу басталып, жол картасы жасалды. Қазірдің өзінде 46,2 гектар Қызылжар орман шаруашылығына берілді, қалған аумақ бойынша жұмыс жалғасуда.
Табиғи ресурстар басқармасының төрт қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
