Сот Перизат Қайрат қорының таратылуы туралы шешім қабылдады

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.

Аталған қор 2021 жылғы 11 қазанда тіркелген, оның құрылтайшылары қатарында 10 адам көрсетілген, олардың ішінде – Перизат Қайрат.

Тергеу барысында жүргізілген қолтаңба сараптамасы қордың 10 құрылтайшысының 9-ының қолын Перизат Қайраттың өзі қойғанын анықтады.

Сот заңды тұлғаның тіркелуінде заң бұзушылықтар орын алғанын анықтады, себебі көрсетілген құрылтайшылар қорды құру процесіне қатыспаған.

Азаматтық кодекске және Жоғарғы соттың нормативтік қаулысына сәйкес, мұндай заңбұзушылықтар заңды тұлғаны таратуға негіз болып табылады.

«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі тарату туралы шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендер мен Палестина тұрғындарына көмек ретінде жиналған 1,7 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Сондай-ақ, сот оның элиталық жылжымайтын мүлкіне, люкс автокөліктеріне және қымбат аксессуарларын тәлкіледі. Қаңтар айының соңында Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тергеу бастады, оны мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының құрылысына қаражат жинау кезінде алаяқтық жасады деп айыптауда.

Altyn-orda.kz