Степногорск қаласында жаңа жылдық шара кезінде Аяз ата мен Ақшақардың бейнесі көпшіліктің көңілінен шықпады.

Фото: halyqstan.kz

Степногорск қаласында жаңа жылдық шара кезінде Аяз ата мен Ақшақардың бейнесі көпшіліктің көңілінен шықпады.

Мерекеге келген тұрғындар олардың сырт келбеті дәстүрлі образға ұқсамайтынын айтып, әлеуметтік желілерде сын пікірлер қалдырды.

Әсіресе ата-аналар костюмдер мен бет әрлеу балаларға арналған мерекеге сай емес деп есептейді. Кейбіреулер мұндай бейне балаларға қуаныштың орнына  қорқыныш силауы мүмкін екенін жазды. Осыдан кейін бұл жағдай қала тұрғындары арасында қызу талқылана бастады.

Сонымен қатар, бұл мәселеге сабырмен қарау керек деген пікірлер де бар. Кей адамдар мұны ұйымдастырудағы олқылық деп қабылдап, бастысы – мерекелік көңіл күй мен ниет екенін алға тартты.

Оқиға Степногорскідегі жаңа жылдық шаралардың қалай ұйымдастырылатынына назар аудартты және болашақта мұндай мерекелерге мұқият дайындалу керектігін көрсетті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от HALYQSTAN (@halyqstan.kz)