«Сургут ислам аймағы емес» -Сургутта әйел мұсылман қыздың хиджабын шешуге әрекеттеніп ұрмақшы болды(ВИДЕО )

Ресейдің Сургут қаласында әйел кішкентай баласымен серуендеп жүрген хиджабтағы қызға шабуыл жасаған, деп хабарлайды trtrussianға сілтеме жасаған Altyn-Orda.kz.
Куәгерлердің айтуынша, әйел мұсылман қызды балағаттап, «Сургут ислам аймағы емес» деп айқайлаған.
Кейін оны телефонға түсіріп, хиджабын жұлып алуға әрекеттенген.
Жанжалға көшеде жүрген адамдар араласып, полиция шақырылғанын айтқан.
Мұны естіген шабуыл жасаушы әйел оқиға орнынан қашып кеткен. Жергілікті пабликтердегі мәлімет бойынша, ол әзірге жауапкершілікке тартылмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










