«Тағдырдың жазғаны осы шығар»: Ақбота Керімбекованың ұлы әйелімен ажырасып кеткен мәлім етті (видео)

Отандық әнші Ақбота Керімбекова тұңғыш ұлы Біржанның некесі сәтсіз аяқталғанын айтты. «1001 түн» бағдарламасына келген өнер иесі немересіне уақыт табуға тырысатынын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Біржан Шалқарұлы бағдарлама барысында бұрынғы жұбайымен ажырасу себебін ашып айтты. «Анам да, әжем де менің отбасымды сақтап қалу үшін бәрін істеді.

Біз бір-бірімізге сәйкес келмедік. Жақсы көрдік, жүрдік. Тағдырдың жазғаны осы болған шығар. Бала үшін де отбасыны сақтап көрдік.

Отбасыны сақтаудың бар жолын көрдік. Бірақ, ол кісінің жолы бөлек. Менің жолым бөлек. Қызыммен араласып тұрамын. Уақытым, мүмкіншілігім болғанда, көңіл бөлуге тырысамын.

Бәрін өзара келістік. Қандай жағдай болмасын мен қызымның әкесімін. Қолымнан келгеннің бәрі сол қызымның болашағы үшін. Менің көшірмем», — деді әншінің ұлы.

Ал Ақбота Керімбекова немересіне айына бірнеше рет көңіл бөлуге тырысатынын жеткізді. «Мен қаңғыбас әжемін. Айына 2-3 рет барып ойнатып, қыдыртып келемін. Көбіне уақыт сәйкес келе бермейді. Күнделікті жұмыс, екі ұлымды үйлендіру керек. Кіші баламның оқуы бар. Той-томалағымыз, концертіміз бар. Сыртта көп жүреміз. Ешкім ұрпағынан безбейді ғой. Ешкіммен араздасқан, бет жұлысқан жоқпыз. Ене болып үлгермедім. Өз басым көп нәрсеге араласпаймын. Өздерінің шешімі, біз айтатынымызды айттық. Келініме де «Менің тағдырымнан сабақ ала берсейші» деген дүние айтылды», — деді Ақбота Керімбекова.

 

kaz.nur.kz