Тағы бір ресейлік депутат Қазақстанда русофобия бар деп айыптады
Ресей мемлекеттік думасының депутаты Виктор Соболев Қазақстанда русофобия бар екенін айтты. Бұл туралы ол «Путин в телеграм» арнасына берген сұқбатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ресей Қазақстанды іс жүзінде азаматтық соғыстан құтқарды, бірақ бұл елде русофобия мәселесі бар»,—деді ол.
Сыртқы істер министрлігі ресейлік депутаттың сөзіне қатысты пікір білдірді.
«Мұндай мәлімдемелерге мониторинг жүргіземіз. Қазақстанға қатысты сыртқы саясатты тек Кремль мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі жүргізеді. Біз мұндай бос сөздерге аса мән бере бермейміз. Бірақ біз өзімізге ақпарат ретінде белгілеп отырамыз»,—деді басқарма.