Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны, биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Комерциялық емес акционерлік қоғамы

 

 

 

                                                                                

Қыдырбек Ғалым

 

 

 

Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны, биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 Мамандығы 5В080300 –  «Аңшылықтану және аң шаруашылығы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті

 

«Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасы

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны, биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары

 

 

Беттер саны:

Сызбалар мен көрнекті

материалдар саны:

Қосымшалар: 

 

 

 

Орындаған: Қыдырбек Ғалым

 

2018 ж. «____»   _________________   қорғауға жіберілді

 

Кафедра меңгерушіс: _______________                   Е.Ж. Кентбаев

 

Жетекшісі        _____________________                   Т.Н. Кыдыров

 

 

 

Арнайы тарау кеңесшісі:

 

Сарапшы: _______________    ____________    _____________________

                              (тарау)                              (қолы)                                           (аты-жөні)                                                                                                        

 

 

 

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті

 

«Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасы

 

Мамандығы 5В080300 — «Аңшылықтану  және аң шаруашылығы»

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

ТАПСЫРМАСЫ

 

Қыдырбек Ғалым

 

 

          Дипломдық жұмыс тақырыбы: Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны, биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары

 

 

Университеттің  201   жылғы «   » _________ №____өкімімен бекітілген.

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 201   ж. «     » _________

 

Жұмыстың бастапқы деректері:

Куәлік 6517-1907-08-ММ. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» Талдықорған қаласы. 05.02.2005. Серия В. № 0046191.

ЕРЕЖЕ. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. 25.01.2005. № 18 бұйрық..

ПРОЕКТ Организации и развития охотничьего хозяйства Талдыкорганского лесоохотничьего производственного предприятия Алматинской лесохозяйственного производственного объединения. Т. 1. Пояснительная записка. Алматы, 1992-1993.

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын тараулар мен сұрақтар (көкейкестілігі, мақсат мазмұндамасы, жаңалығы, графикалық материалдар тізімі):

Талдықорған орман шаруашылығының орналасқан жері, жер бедері, климаты, өсімдігі және жануарлар әлемі.

Борсықтың биологиялық ерекшеліктері.

Мекемедегі борсық санының әр жылғы өзгеруі.

Мекемедегі борсық қорын пайдалану тиімділігі.

Графикалық материалдар тізімі (қажетті жағдайда):

Мекемедегі борсықтардың әр жылғы саны.

Борсықтарды аулаудың әр жылғы мөлшері.

 

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

Лобачев  Ю.С. Экология борсука в горах юго-востока Казахстана – Бюл.МОИП.  отд.биол., 1976.

Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. 1. Позвоночные животные, А.: Наука, 1989.

Бекенов А.Б., Есжанов Б.Е., Махмұтов С.М. Қазақстан сүтқоректілері. – Алматы, Ғылым, 1995.

Горшков П.К.  К Вопросу о значении борсука в лесных биоценозах   Волжско-Камского края. Животный мир. М.,1964.

 

 

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшіліері:

 

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра меңгерушіс: _______________                   Е.Ж. Кентбаев

 

Жетекшісі        _____________________                   Т.Н. Кыдыров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дипломдық жұмысты орындау

 

ГРАФИГІ

 

Рет саны

Тараулар және қарастырылған сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

1

Кіріспе

05.04.18.

өткізді

2

Әдебиетке шолу

10.04.18.

өткізді

3

Зерттеу деректері және әдістері

15.04.18.

өткізді

4

Мекемеге қысқаша сипаттама

20.04.18.

өткізді

5

Борсықтың экологиялық және биологиялық ерекшеліктері

25.04.18.

өткізді

6

Мекемедегі борсық санының әр жылғы өзгеруі

30.04.18.

өткізді

7

Борсық аулау әдістері

02.05.18.

өткізді

8

Мекемедегі борсық қоры

04.05.18.

өткізді

9

Еңбек қорғау

07.05.18.

өткізді

10

Қортынды және өндіріске ұсыныстар

10.05.18.

өткізді

11

Пайдаланған әдебиеттер

15.05.18.

өткізді

12

Диплом жұмысын тапсыру

19.05.18.

өткізді

 

 

Кафедра меңгерушіс: _______________              Кентбаев Е.Ж.

 

Жетекшісі:        _____________________             Кыдыров Т.Н.

 

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент:  __________________      Қыдырбек Ғ.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Нормативтік сілтемелер………………………………………………………

6

 

Анықтамалар…………………………………………………………..

7

 

Белгілеулер мен қысқартулар…………………………………………

8

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………

9

 

Әдибетке шолу…………………………………………………………………………………………….

11

1

Өзіндік зерттеулер……………………………………………………………………………………….

14

1.1

Зерттеу деректері және әдістері……………………………………………………………………

14

1.2

Мекемеге қысқаша сипаттама………………………………………………………………………

15

1.3

Жер бедері және ауа-райы…………………………………………………………

20

1.4

Өсімдіктері…………………………………………………………………………………………………..

25

1.5

Жануарлар дүниесі……………………………………………………………..

26

2

Борсықтардың биологиялық ерекшелігі………………………………………………………..

35

2.1

Сипаттамасы………………………………………………………………………………………………..

35

2.2

Мекені…………………………………………………………………………………………………………

37

2.3

Қоректенуі………………………………………………………………………..

39

2.4

Көбеюі………………………………………………………………………………………………………….

40

2.5

Мекемедегі борсықтың сан мөлшері……………………………………….

42

2.6

Мекемедегі борсықтың санын молайту жолдары………………………….

45

3

Борсықты аулау тиімділігі…………………………………………………………………………….

50

4

Жануарлар дүниесін қорғау…………………………………………………………………………..

52

5

Еңбек қорғау………………………………………………………………………………………………..

54

 

Қорытынды…………………………………………………………………………

55

 

Пайдаланылщған әдебиеттер………………………………………………………………………..

57

 

 

 

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

  Осы жұмыста төмендегі стандарттарға нормативтік сілтемелер қолданылған:

МОСТ 7.32-2001 Ғылыми-ізденіс туралы есеп. Рәсімдеудің құрамы мен дұрыстығы

МОСТ 15.011-96 Патентік ізденіс, мазмұны мен жүргізу жолдары

МОСТ 3345-88 Фармакопиялық формалин. Техникалық шарттары

МОСТ 5556-81 Дәрілік гигроскопикалық  мақта. Техникалық шарттары

МОСТ 5962-67 Этилдік спиртті тазалау. Техникалық шарттары

МОСТ 6038-79 Глюкоза. Техникалық шарттары

МОСТ 6259-75 Глицерин. Техникалық шарттары

МОСТ 6417-72 Фенол. Техникалық шарттары

МОСТ 6709-72 Тазартылған су. Техникалық шарттары

МОСТ 8074-82 Айқын құрал-жабдықтар. Түрлері, негізгі шамалары мен өлшемдері. Техникалық шарттары

МОСТ 9284-75 Затты айқындауға арналған әйнек. Техникалық шарттары

МОСТ 9421-93. Дәрілік дәке. Техникалық шарттары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтамалар

 

Жануарлар әлемі – Қазақстан республикасы және сондай-ақ тек қана Қазақстан республикасы экономикалық аймағында және құрлықтық қайраңдағы табиғи байлыққа қатынасты аумағында тұрақты немесе уақытша мекендейтін аңдар жиынтығы.

Қасакерлік жолмен аң аулау —  Табиғатта мекендейтін жануарларды еш рұқсат қағаздары немесе лицензиясыз аулау.

Жануарлар әлемін пайдалану – жануарлар әлемі нысанымен, олардың пайдалы қасиеттерімен мекендеген ортасынан ерікті немесе еріксіз түрде пайдалану.

Аңшы  — Қазақстан республикасы заңымен бекітілген түрде аң аулауға рұқсаты бар, жеке тұлға.

Күй ойнағы – шағылысу кезіндегі құстардың мінез-кұлқына байланысты қозғалу немесе іс-әрекетінің ерекшеліктері.

Полигамды аң – Көп жұпты аң.

Ареал – түрдің белгілі бір жер территориясына таралуы.

Эндемиг – Жануарлар әлемінің бір түрі тек сол жерде ғана кездесуі.

Биотехниялық шаралар – жануарлардың қорғаныс, қоректену және ұялау жағдайын жақсартуға бағытталған іс- шаралардың жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Белгілеулер мен қысқартулар

 

Осы жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылған:

ОШММ – Орман шаруашылық мемлекеттік мекеме

РГКП – Республиканский гасударственный козенный предприятие

ЕҚТА – Ерекше қорғалатын табиғи аймақ

ҚР – Қазақстан Республикасы

БҒМ – Білім және ғылым министірлігі

Гр – Грамм

См – Сантиметр

Т.б. – Тағы басқа

Мг – Милиграмм

М – Метр

Га – Гектар

Км – Километр

т – Тонна

оС – Температураның цельсия бойынша көрсеткіші

% — Пайыз көрсеткіші

УАЗ – Уралски автомобильный завод

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

          Табиғаты бай әріжері кең байтақ қазақ даласында жануарлардың көптеген өкілдерінің таралуы мен тұракты тіршілік етуіне қолайлы жағдайлар бар. Сүтқоректілер ерте дәуірден бастап, адам өмірінде бұл хайуанаттар маңызды орын алады. Олардың көптеген түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланатын бағалы аңдар. Аулау арқылы олардың дәмді етін, «жұмсақ алтын» аталып кеткен құнды терілерін, дәрі-дәрмектік шикізаттарын және тағы басқа өнімдердін халық шаруашылығына пайдаланы аламазы. Аса бағалы аң түрлерін елімізде жерсіндіру немесе арнаулы  аң фермаларында өсіру кең етек алып келеді. Тіпті насекомқоректілер және жыртқыш аңдары ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін және аурулар таратуға себепкер болатын ұсақ жәндіктер мен олардың личинкаларын, кеміргіштермен азықтанып, пайдасын да тигізеді.

          Сүтқоректілер класының өкілдері бүгінгі күні өмір сүретін 19 отрядты, 118 тұқымдас және 4 000-нан астам түрді біріктіреді. Қазақстанда бұл кластың 8 отрядына (насекомжегіштер, жыртқыштар, ескекаяқтылар, тақтұяқтылар, жұптұяқтылар) жататын аңдардың 178-дей тұрі тіршілік етеді. Дипломдық жұмыс сүтқоректілер класының өкілдері бірі борсықтың қарастырады.

          Сонымен қатар, шаруашылыққа пайдалы жауын құрттарымен де қоректенеді, ұяларын жерге салған құрстардың жұмыртқаларын немесе балапандарымен де қоректенеді. Қорегін іздей отырып, көптеген шұңқыр-тесіктер қалдырады. Бұл калдықтардың арысындағы жер қопсытылады, жердегі паразиттер өледі.

          Осы дипломдық жұмысты жазу кезінде Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде әкімшілігінің көмегімен, ізденіс жасап жазылады. Сол себепті Талдықорған орман және жануалардың дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің әкімшілігіне алғасымды айтамын.

          Жұмыстың мақсаты — Талдықорған орман және жануалардың дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндегі борсықтардың санын көбейту және тиімді пайдалану.

Жұмыстың міндерттері — Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде борсық экологиясы және шаруашылық маңызын анықтау. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:

  • мемлекеттік мекемесіне сипаттама;
  • Талдықорғандағы борсықтың экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
  • мекемедегі борсық қорын анықтау;
  • борсық аулау құралдарын және әдістерін зерттеу;
  • борсық қорын пайдалану тиімділігін анықтау.

Жұмыстың жаңалығы — Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде алғаш борсық жайлы ғылыми және нақты деректер жиналып, салыстырылып қорытындыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДИБИЕТКЕ ШОЛУ

 

Қазақстанды мекендейтін борсыққа арнап жүггізілген және ғылыми жүмыстар саны көпте емес. Негізінен шыққан жұмыстар ұзінді түрде кездеседі.

В.С. Лобачев [1] борсық Жоңғар және Іле Алатауында ұйқыға кетер алдында майды шөптесін және сол кездегі Алматы обласының төңрегіндегі алма бақтарында алмамен, алмұртпен, алхормен, және ағаштардың өнімдерімен қоректенеді дегенді.

Борсық (Меlеs теlеs) теред інде тіршілік етеді. Олардың үлкендігі кішігірім иттей болады. Бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі[2].

Жыртқыштардын, ішіндегі жануар тектес азықтарды көбірек жейтіндерінің бірі борсықтар болып саналады. Бұлардың қорегінің көпшілігі — насекомдар, сүт қоректілер, кейде амфибилер, құстар, сонымен қатар өсім-дік тектес азықтарды да жейді. Олар зиянды насекомдарды, кемірушілерді қырып, шаруашылыққа үлкен пайда келтіреді. Қыста ұйқыға жатады[3].

Борсықтардың дене тұрқы 60 — 90 см, салмағы 8 — 16 кг-дай. Олардың түсі ақшыл-сұрдан қара-қоңырға дейін өзгеріп отырады. Жүні қылшықты, салалы, сирек. Тұмсығынан желкесіне дейін созылған қара жолағы бар. Бауыры, төбесі, табандары қара, аяқтарында сәл иілген, ұзын тырнақтары болады. Інде тіршілік еткендіктен, маусымдық көшуі байқалмайды. Іңір түсісімен қорек іздеуге шығады. Борсық қорек талғамайды. Ол ұсақ кеміргіштермен, құстармен, олардың жұмыртқаларымен, жыланмен, кесірткелермен, көлбақалармен, ұсақ жәндіктермен, жеміс және бақша дақылдарымен де қоректенеді. Күзге қарай бойына май жинайды да, қысқы ұйқыға кетеді. Олар наурыз — маусымда мауығып, 1 жылдан кейін 1 — 5 күшік табады. Терісі мен майы үшін ауланады. Борсықтың майы витаминдерге бай, сондықтан халық медицинасында оны буын ауруларын, туберкулез және іріңді жараларды емдеуге қолданады. Ауыл шаруашылығы және орман зиянкестерін жеп пайда келтіреді. Кәсіпшілік маңыздылығы онша емес (терісі онша құнды емес жүні қылқалам үшін қолданылады майы емдік болып есептелінеді[4].

Борсықтардың таралуы және түрлері. Европаға кеңінен таралған. (Скандинавия түбегі, Финляндия және Россияның Европалық бөлігінен басқа жерлерде) Кавказ өңірінде, қырым, кіші және Орта Азияда, Оңтүстік және Орталық Сібірде, Қиыр Шығыстың Оңтүстігінде, Шығыс Қытайда, Корея түбегінде, Жапонияда таралған.

Түрлері Meles meles meles (Западная Европа); Meles meles marianensis (Испания и Португалия); Meles meles leptorynchus (Россия); Meles meles leucurus (Китай, Тибет); Meles meles anaguma (Япония) [7].

Борсық көбіне қорек іздеуге түн мезгілінде шығады. Күндіз таңғы 8-ге дейін, кешке 5-6-лардан кейін кездестіруге болады. Борсық тышқан сияқты ұсақ кеміргіштерді, бақа, кесіртке, құстар мен олардың жұмыртқаларын, балапандарын, кейде бақша дақылдарын да жейді. Ұсақ жәндіктерді, олардың
жұлдызқұртын моллюскаларды, түрлі жемістер мен жаңғақтарды, шөпті қорек етеді. Борсық қорек іздеген кезде өте үлкен аймақты, шарлап шығады.Осындай бір жорықта борсық 50 – 70- ке дейін бақа, жүздеген жәндік пен жауынқұртын ұстайды. Әйтсе де борсық тәулігіне 0,5 кг, қорек жейді.Күзге қарай семіріп, қысқы ұйқыға жететін май жинайды. Солтүстік өңірлерде борсық күзгі қазан – қараша айынан бастап наурызға дейін қысқы ұйқыда болады. Ал, оңтүстік жақтарда қысы қысқа, жылы болса ұйықтамастан өмір сүреді [5].

В.Г. Гептнер [12] ең біріншілер ішінде борсықтың қазақстанда 4 түр тармағы мекендейді деген: Ферған борсыға – severtzovi Heptner, 1940 – европа тобына жатады; қалғандары – тянь-шань – M.m. tianshanensis Huene, 1910; құм — М.m.arenarius Satunin, 1895; -M.m. sibiricus Kastshenko, 1900 – азиаттық опқа жатады.

          Кейінірек А.В. Афанасьев т.б [13] белгілі «Звери Казахстана» Қазақстанда борсықтың 4 түр тармағы мекенлейтінін растады. Бұл мәліметте авторлармен алғашқы рет түолі ареалдарда мекендейтін борсақтардың биологиясы сипатталады.

          В.Г. Гептнер [12] «Млекопитающие Советского Союза» атты күрделі жүмысында борсық туралы толық мәлімет айтты. А.А. Слудский [3] «Млекопитающие Казахстана» атты зоология институтының күлделі еңбегінде борсықтың Қазақстанда мекендейтін алқаптарына, биологиясына жан-жақты баға берген.

          Совет Одағы кезіндегі жұмыстардан – борсықтың тері жамылғысының түстері сан-алуан туралы көптеген авторлар айтып кетті ( Огнев, 1931, Даль, 1939; Строгнев, 1962, т.б.).

          Борсықтардың қоныс аударатыны туралы біршама жұмыстар бағашталған. Соның ішінде шульгина (1948) борсыұқ таулы аймақта жаздын екінші жартысында көк шөбі мол биіктеу аймақтарға қоныыс аударатыны туралы мәлімет айтты.

          П.Б. Юргенсон [10] борсықтың жыныс жағынан жетілген төлдерінің қоныс аударды жан ұя құруына байланысты екенін атап айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР

 

1.1 Зерттеу деректері және әдістері

 

          Біздің зерттеу нысанамыз Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің аумағында мекендейтін борсықтар болып саналады.

          Жұмыс Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде жүргізілді.

          Мекеме туралы деректерді мына құжаттардан алдық:

  • Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік 6517-1907-08-ММ: Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. Серия В № 0046191. Талдыкорган, 2005 [4];

— Ереже. Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты

пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман

шаруашылығы мемлекеттік мекемесі. Талдыкорган, 2005 [5].

  • Проект органзации и развития охотничьего хозяйства Талдыкорганского лесохозяйственного производственного предприятия Алматинской области. А., 1992-1993 гг [6].

          Борсықтардың саны туралы деректерді Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінен алдық.

          Мекемеде борсықтар санын бағалау үшін екі топ әдістерді пайдаланады;

  • көзбен көріп бақылау (мұнда аңдарды айдап санау да жатады);
  • іздерін және қиларын есепке алу.

Борсық туралы мәліметтері жинауда және дипломдық жұмысты дайындауда біздер келесі әдәістемелерді қолдандық:

  • сипаттау тәсілі-борсықтың таралу алқптары мекен ету ортасна сипаттау жасаау,биолгия ерекшеліктерін бақылау:
  • салыстырмалы тәсіл-әрбір алқаптардың өмір сүру бейімділігін салыстыру:
  • қоршаған ортадағы экологиялық бақылау тәсілдері –борсықты мекен ету биотоптарында жан-жақты бақылау:
  • картографиялық тәсіл-борсықтың қылашақтарының орындары мен қоныс аудару жолдарын картаға түсіру:

Жұмысты борсқтың белгілі территорияда қоныс орындарын анықтау мәселесімен егерлерден,жануарларды қорғау қызметкерлерінен,арнаиы ғылыми-зерттеу бөлімінен сұрасыру,осыдан соң жиналған деректерді тексеру.Борсықтарға жұргізілетін санақтар бойынша шаруашылық әкімшілігіне сұрастыру жазу, себебі аталған уақытта мен қамтып үлгерген жоқпын.

Борсықтың биологиясы мен экологиясын зерттеу тәсілдері келесі бөлімдерден тұрады:

  • оқу әдістемелері, асқазандағы жемтіктерді сұрыптау және қоректенетін қорларының жағдайы туралы есеп. Ол үшін, олжалаған борсықтың асқазанындағы жемтігін шығарады, ағынды суда тазартып, үлкен теріп алынған ірі фраксияларын сұрыптайды. Борсық қалашығында мекендейтін аңдарды есептейді, аналығын аулап, оның жатынындағы қара дақтарды есептеу. Жерасты суларының қаншалықты тереңде жатқанын анықтау, себебі борсықтың індерінің орналасу тереңдігі соған байланысты болады; індеріндегі және ұядағы сыртқы (экто) паразиттердің түрін және сан-мөлшерін анықтау. Борсықтың басқа да жануарлармен қарым-қатынасы, трофилық жіктеуде орны.

 

 

1.2 Мекемеге қысқаша сипаттама

 

Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы:

          Қазақстан республикасы,

Алматы облысы,

Талдықорған қаласы,

Лесная поляна көшесі, 1.

Мекеме Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына тікелей бағынышты кәсіпорын.

Мекеме орманды күзетуге, қорғауға, жаңадан өсіруге, ұлғайтуға, орманды пайдалануды реттеуге, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ресурстарын, өзінің тұрақты пайдалануындағы, орман қоры аймағын, бекітіліп берілген аң алқабына рұқсат беруге құқықты және міндетті.

Мекеменің құрамына ерекше қорғалатын заңды статусы берілмеген табиғи жерлері (мемлекеттік табиғи қорғалымдар, мемлекеттік табиғи ескерткіштер, ерекше қорғалатын орман, сулы, сазды-балшықты алқапткар мен халықаралық мәні бар ерекше қорғалатын табиғи жерлер) болуы мүмкін.

Облыс Әкімі құрылтайшы және мүлік иегері болып табылады.

Мекеме Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының шешімдері мен бұйрықтары мекеменің орындауына міндетті түрде жатады, соған орай мекеме Мекеме Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына тікелей бағынышты, әрі есеп беру ережелеріне сәйкес болуға тиіс.

Мекеме мемлекеттік ұйымдық-құқықтық нысанасындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрлері мен мөр табаныдары, белгіленген үлгідегі бланкалары, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкте есеп шоты болады.

Мекеме өз атынан заматтық-құқықтық қатынастарға түседі, егер оған заңдарға сәйкес уәкілдік берілсе, мемлекеттің атына азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

 

Мекеме қызыметінің негізгі мақсаты мен түрі: Мекеме қызметінің негізгі түрі мен мақсаты – орман, аңшылық және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын қорғау, сақтау, өсіру және тиімді пайдалануды басқарау мен реттеу.

Мекеме табиғат қорғау және табиғатты пайдалану саласында төмендегідей мақсаттарын жүзеге асыру құқығын пайдаланады.

  • орман және аңшылық шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын дамыту жөніндегі мемлекеттік және басқа да жоспарлдарды жүзеге асыруға ат салысады;
  • орман, аңшылық шаруашылығын және жануарлар дүниесінің басқа да байлықтарын (ресурстарын) ұлғайта өндіруге, ұтымды, әрі үнемдеп пайдалануға, өз билігіндегі ерекше қорғаудағы табиғат аймағына мемлекеттік басшылық жасайды;
  • орман өсімдігін ресурстық потенциалын жәнежануарлар дүниесінің байлығын арттырады;
  • бірегей әрі сирек ландшафты (жер бедерін) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау жұмыстарын ұйымдастырады;
  • мекеме штатындағы орман күзетінің, қорықшылар қызметкерлерінің жұмыстарына іскерлікпен, бірлікпен басшылық жасайды.

Осы мақсатта мекеме:

  • өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
  • орман, аңшылық және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын қорғау, сақтау, өсіру және тиімді пайдалануды басқару мен реттеуді жүзеге асырады;
  • эклогиялық, тау және аң туризмінің дамуын қамтамасыз етеді;
  • өсімдік және жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғау шараларын жоспарлап жүзеге асырады, орманды пайдалануды реттей отырып, өсіруді, аурудан және де басқа заңсыз әрекеттерден қорғауды ұйымдастырады;
  • ормандарды өрттен, заңсыз кесуден және басқа да орман заңнамаларын бұзудан, оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау, браконерлікпен күрес жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
  • орман ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғау шараларын жоспарлап жүзеге асырады;
  • орман ресурстарын өсіру, орманның қорғаныс желектерін жасау, құмдарды, эрозияға ұшыраған жерлерді желектендіру, сондай-ақ орман тұқымдық және орман селекциясы питомнигінің дамын ұйымдастырады;
  • мемлекеттік табиғи қорықтардың, өзінің қарамағындағы өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызмет етуін қамтамасыз етеді, олардың желісін дамыту бойынша ұсыныстар дайындайды;
  • орман және аң шаруашылығын орналастыру, орман қоры жануарлардың ауланатын түрлерін мемлекеттік есепке алуға, аң орман мониторингін, мемлекеттік орман кадастрін жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына табиғи биоресурстарды басқаруды жетілдіруге ұсыныстар енгізеді;
  • ғылыми зерттеулер, жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ғылыми ұйымдарды, табиғи-биологиялық ресурстарды қорғау, өсіру және пайдалану саласында бағдарламалар, жоболар, құқықтық-нормативтік актілер әзірлеу үшін ғалымдар мен мамандарды тартады;
  • орман шаруашылығы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
  • Қазақстане Республикасының заңдарына сәйкес өзіне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

Мекеменің құқықтары:

  • мемлекеттік органдардан және бөзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты талап етеді және сұратып алады;
  • мекеме өзінің билігіндегі тұрақты түрде пайдалануға берілген орман қоры аумағы мен бекітіліп берілген аң жайылымдарына міндетті түрде өз ішінде орындалатын шешімдер мен бұйрықтар шығарады;
  • мемлекеттік басқарушы орган ретінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауда, жетілдіруде және пайдалану кезінде туындайтын сұрақтарды шешуге қатысады;
  • өзінің жеке басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асырады;
  • Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына орман және жануарлар дүниесін шаруашылықта пайдалануға режим орнату жөніндегі мәселелер бойынша: орман, аң және басқа да өсімдіктер ресурстары үшін төлемақылар ставкасы; орман, аң және басқа да өсімдіктер ресурстарын пайдалануға арналған лимиттер мен квоталар; орман, аң шаруашылығын жүргізуге құқық беру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аң және орман алқаптарын бекіту жөнінде құқық беру туралы ұсыныстар енгізеді;
  • Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен келісе отырып орман, өсімдіктер мен жануарлар әлемін енгізілген тәртіппен пайдалануға рұқсат етеді;
  • орман және аң шаруашылығы ресурстарын ретті пайдалануға ұсыныстар енгізеді;
  • ормандар, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзушыларды жауапкершілікке тартады. Орман, аң шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда әкімшілік заң бұзушыларға әкімшілік іс-шара қолданады;
  • жеке және заңды тұлғалардан орман қоры мен жануарлар дүниесін және басқа да өсімдіктер ресурстарын пайдалануға арналған нормалар мен шектеулерді белгіленген ережелерді сақтауды талап етеді және бұзушыларға жол берген жағдайда, табиғатты пайдалану құқығын тоқтату туралы тыйым салады;
  • орман және аң шаруашылығын жүгізу мәселелерін қортындылайды және ұсыныстар береді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады;
  • Орман мекемесі: жеке және заңды тұлғаларға отырғызылған материалдар өсіру мен орман тұқымдарын жинап, көгалдантыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер жасап, орман шаруашылығы саласында оқу практикасын өткізу, консультациялық және техникалық көмек көрсету жөнінде ақылы қызметтер көрсетуден және ормандарды күтіп-баптау мақсатында ағаш кесіп, оның ішінде тұрған хылықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесіп, жанама орман пайдалану кезінде алынған өнімдерді өткізуден қаражат түсіре алады; күтіп-баптау мақсатында ағаш кесуді және санитарлық мақсатта, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді, жнама орман пайдалануды жүзеге асыру кезінде алынған өнімдерді өткізу нарықтық бағамен жүргізіледі;

Орман мекемелерінің қаражаты мына төмендегілерге жұмсалынады:

  • мемлекеттік орман қорының телімдерінде орман шаруашылығының іс-шараларын жүргізуге;
  • орман шаруашылығы жолдарының құрылыстарна және оларды ұстауына, ормандарды өртке қарсы жайластыруына;
  • орман қорын күзетуіне, қорғауына,пайдалануына, ормандарды молықтыруға және орман өсіру саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарына;
  • орман мекемелерінің орман шаруашылығы қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымды жұмысшылардың, күтіп-баптау мақсатында ағаш кесуді және санитарлық мақсатта ағаш кесуіне, жанама орман пайдалануды жүзеге асыратын жұмысшылардың, сондай-ақ орман ресурстарын қайта өңдеуін жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметтер көрсетуіне ақы төлеуіне;
  • байланыс құралдарын, көлікті және жабдықтарды, өртке қарсы, орманды қорғауына және орман өсіру жұмыстарына арналған тұқымдар мен отырғызылатын материалдарды, жанар-жағар майды, киім-кешекті, қаруды және арнайы қорғау құралдарын сатып алуына;
  • орман ресурстарын қайта өңдеуіне қажетті жабдықтар мен тетіктерді сатып алуына;
  • ғимараттарды, құрылыстарды және орман мекемелерінің жұмыс істеуіне байланысты өзге де объектілерді салуына, қайта жаңартуына және жөндеуіне;
  • орман және аңшылық шаруашылығы үшін мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруына;
  • еңбек көрсеткіштері үшін орман мекемелерінің қызметкерлерін көтермелеуіне пайдаланады.

 

 

1.3 Жер бедері және ауа-райы

 

Талдықорған өңірі ежелгі заманнан зерттеушілерді қызықтырған. Орналасу жеріне баланысты табиғаты ерекше аймақ, Оңтүстігін сондайақ оңтүстік – шығысын биік таулар көмкерген болса ал жазық жерлерін құммен ұласқан, аймақтың әсем табиғат жағдайлары ерекше болып келеді.

Талдықорған өңірінің жері ұзақ уақыттар бойына ғылыми зерттеушілердің назарларынан тықары қалып келген. 19 ғасырдың 50 ші жылдарында Талдықорған аймағын физика – географиялық жөнінен жұйелі түрде зерттеулер қолға алына бастады.

Осы жерде А.Ф.Голубев экспедициясы Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань тауларының аралығындағы жағрафиялық аудандарды анықтап зерттеуді мақсат еткен және сол жерлерді зерттедіде.

Облыс аумағында ауыл шаруашылығына жарамды 9,4 млн. га жері болып, оның экономикасының негізін аграрлық сала құраған. 1990 жылдың ортасында, Талдықорған облысы республика аумағында өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің 6%-ға жуығын беріп,әл ауқатты обылыстардың бірі болды. 1992 жылдан бастап сол кездері орман шаруашылық саласы да басқа салалар секілді құлдырап қиыншылыққа тап болды. Табиғатты жан тәнімен жақсы көрген азаматтардың арқасында орман саласында қызымет етіп табиғаттың байлығын ақтап қалдық.

          Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі үш әкімшілік ауданның аумағында орналасқан: Ескелді, Кербұлақ және Панфилов; одан басқа оның мемлекеттік орман қорының телімдері Талдықорған қаласының және Текелі қаласының жерлерінде орналасқан (1 сурет).

          Мекеменің аумағының ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 80 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 120 шақырым.

           Мекеменің кеңсесі Талдықорған қаласында орман шаруашылығы өндірістік бірлестігімен бір ғимаратта орналасқан және сол өндірістік бірлестіктің бас кәсіпорны болып табылады.

 

Сурет 1 Мекеме терииториясының картасы.

Мекеме аумағы үш орманшылыққа бөлінген: Қаратал, Текелі және Көксу (1 кесте) және аумағында үш ерекше қорғалатын телім бар:

  • Жоғарғы Көксу қорықшасы – 240 га;
  • «Жетісу аяқтыбалығы» қорықшасы – 48 га;
  • Самырсын және шыршадан Текелі қоры – 358 га.

 

Кесте 1. —  Мекеменің әкімшілік-шаруашылық құрылымы

Орман шаруашылығы

Аумағы, га

Орманшылық кеңсесінің орналасқан жері

Жалпы алғанда

%

Қаратал

839

0,4

Талдықорған

Текелі

49396

26,7

Текелі

Көксу

134877

72,9

Көксу

Барлығы

185112

100

 

 

          Климат құрушы факторларға төсеніш беті, атмосфералық церкуляция және күн радиациясы жатады.

          Жалпы облыстың климаты шұғыл континентальды. Мұндай жағдай географиялық орнымен анықталады. Материктің ортасында орналасуы, мұхиттардан мыңдаған км. қашықтықта жатыр.

          Күн сәулесінің түсу ұзақтығы жазық бөлігінде 2890 сағат, таулы бөлігінде 2689 сағатты құрайды, бұл биіктік белдеулікке байланысты.

          Жаз айларында континентік, тропиктік (туран) ауа массасы, қыста арктикалық және полярлық ауа массысын тигізеді. Қыс мезгілі қоңыржай салқын қаңтар айының орташа температурасы – 8-100С. Талдықорған — Қазан шұнқырында қаңтар айының температурасы 190С. Шілде айының орташа температурасы + 25 -270С. Талдықорған — Қазан шұнқырында 17 0С. Жауын шашыны аймақтың жазық өңірінде 110-250мм. тау бөктерлерінде 400-500 мм. Биік таулы аудандарда 800-900 мм.

          Қазақстан республикасының биік тауларында мұздықтардың таралуы әр түрлі. Територияда мұздықтар Жоңғар Алатауының биік шыңдарында кездеседі. Жоңғар Алатауындағы мұздықтардың саны – 136,9. Қазіргі мұз басу ауданы – 813,9 км2 морена астындағы мұздану ауданы -186,1 км2 Мұздықтардың көлемі – 45,9 км3 Жоңғар Алатауының кіші басқан өзен алабындағы Шуменки мұзы, ірі мұздардың қатарына кіреді, бұл мұздықтар жете зерттелінбеген.

 

Кесте 2 — Метерологиялық станциялардың деректері бойынша мекеменің ауа райының сипаттамасы

 

Айы

Ауа температурасы, 0С

Жауын-шашын мөлшері, мм

Қар қалыңдығы, см

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

Орташа көп жылғы

шегі

Ең жоғарғы

Ең

төменгі

Қаңтар

-11,4

-2

-20

29

30

77

Ақпан

-9,3

0

-18

31

21

76

наурыз

-0,3

10

-15

47

10

75

Сәуір

9,7

15

-5

41

58

Мамыр

15,8

22

0

46

53

Маусым

20,6

26

3

34

50

Шілде

22,8

33

15

34

47

Тамыз

21,4

30

12

15

45

Қыркүйек

15,5

20

7

16

47

Қазан

7,8

16

0

33

59

Қараша

-1,6

10

-7

44

17

74

Желтоқсан

-8,4

0

-15

42

28

78

Орташа жылдық

6,9

12,5

-3,6

41,2

62

 

Аталған кестеден мынадай қорытынды шығады:

  • Тау бөлігінде көктемгі-жазғы маусымда жауатын орташа жылдық жауын-шашын ағашты-бұталы өсімдіктердің өсуіне және дамуына ыңғайлы жағдай жасайды. Тау етегіне қарай далада орташа жылдық жауын-шашын күрт кемиді және жеткілікті түрдегі жоғары ауа температурасы, ылғалдылық жетіспеушілігіне әкеліп соғады. Ол ағаштардың ірге тебуіне және өсуіне кедергі келтіреді.
  • Қысқы төменгі температура, қысқы өсіп-өну кезеңі, қолдан өсіретін ағаш тұқымдарының түрлерін шектейді.
  • Топырақтың ылғалдылығы оның қалыңдығына, жер бедеріне, күн сәулесінің түсуіне байланысты. Шілденің басында жауын жуған топырақ беті кебеді, ал құрғақшылық жылдары топырақ 25 см және одан да терең қалыңдықта кеуіп кетеді. Өте қатты кебетін жері көп күн түсетін қиялар.
  • Жыралардың жоғарғы жағында қар қалыңдығының тереңдігі қар көшкінінің себепшісі болады.
  • Көктем ауларында жауын-шашынның мол болуы және ауа қызуының көтерілуі қардың тез еруіне әсер етеді. ол Текелі өзенінің алабында көп жиналуына және сел жүруіне әкеліп соғады.

 

Жалпы мекеме аумағының ауа райы қатаң құрлықтық. Ол ағаш түрлерінің аздығына әсер етуде және басқа ағаш тұқымдарын жерсіндіруді шектеуде.

          Мекеменің негізгі (99%) орман қоры Жетісу Алатауы жотасының және сілімдерінің орталық бөлігін алып жатыр және Солтүстік Жонғар орманды аумағына кіреді.

          Мекеменің тау бөлігінің жер бедері сайларында бұлқынған өзендер аққан биік таулармен, терең жыралармен сипатталады. Тауларында үлкен қиялар бар, кейде қиялығы  700 жететін шыңдары биік, жартастары құздары көп.

          Тау белдеуінің және қар жамылғысының кеңдігі әртүрлі тіктіктегі аумақтардың пайда болуына әкеліп соққан. Қатаң құрылықтық ауа райы қиялардағы өсімдіктердің және топырақтың түзілу тәртібіне әсер етеді.

          Мекеменің таулы бөлігінде мынадай топырақты-өсімдікті аймақтарға бөлінеді:

  • Таулы-шалғынды және таулы шалғынды-далалы аймақтар. Онда альпі және субальпілік, сондай-ақ шалғынды-далалық биік таулы топырақтар құралады;
  • Таулы-орманды және орманды-далалы аймақтар, онда таулы-орманды және қара, қарақоңыр топырақтар, сондай-ақ таулы-шалғынды қаратпырақтар;
  • Таулы-далалы аймақ, онда орташа және аз қарашірікті қара топырақтар, қара сұрғылт және далалық аз дамыған топырақтар.

 

Мекеменің таулы аймағында қар көшуі байқалады, оның алдын алуда ағашты-бұталы өсімдіктердің үлкен ролі бар. Жер қыртысының бүлінуі барлық жерде байқалады және ол негізінен адамдардың шаруашылық ісіне байланысты: мал жайуы, орман кесу, инженерлік ізденістер жасамай жол салу және тағы сол сияқты.

          Мекеме аумағының топырағының құрамы теңіз деңгейінің биіктігіне байланысты жеңіл саз топырақтардан ауыр саз топырақтарға ауысады. Таулы аймақтың қиялығын ескерсек бұл топырақтар жуылуы және бүлінуі мүмкін. Сондықтан, ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу және агротехникалық шараларды белгілеу керек.

          Мекеме аумағынан ағып өтетін өзендердің бәрі-Балқаш-Алакөл алабына құяды. Бұл алабқа құятын өзендердің ішінде көлемі жағынан Іле өзенінен кейінгі екінші орын алаын Қаратал өзені. Оның бастаулары Жонғар Алатауының мұздықтары және қарлары. Оған құятын салалары Қара,Шеже, Текелі өзендері. Оның алабының көлемі 14220 км2 .

          Мекеме аумағында Қараталға қатарласа Көксу өзені ағады. Олда Жонғар Алатауының мұздықтарынан және қарларынан басталады.

          Қаратал мен Көксу алабының мұздықтарының саны 148 кем емес, ал көлемі мәңгі қарлармен қосқанда 255 км2 . Бұл мұздықтардың көпшілік бөлігі мекеменің аумағында орналасқан.

          Қаратал мен Көксудың суларымен 100000 гектардан аса жер суландырылады. Суланатын жерлердің басым бөлігіне  күріш және қант қызылшасы егілген. Егер олардың ағымын реттесе және суландыру жүйелерін жақсартса онда 200000 гектар жерді суландыруға болады. Мекеменің гидромелиоративтік жүйелері жоқ. Дегенмен, орман көшеттерін және басқа бақтарды суаруға арналған арықтары бар.

          Жалпы мекеме аумағынан ағып өтетін өзендердің ұзындығы 289 шақырым, оның ішінде ағаш ағызуға жарайтын ұзындығы 104 шақырым.

          Таулы және тау етегі бөлігінде, ол мекеменің 98 %, жер асты сулары тереңде жатыр және олардың топырақтардың және ағаштардың құрылуына қатысы жоқ.

 

 

1.4 Өсімдіктері.

 

Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.

Біздің орманда әйгілі Тянь-Шань шыршасы Қара шығанақ, Арша өседі. Тау баурайларында қарашығанақ (облепиха) өседі. Ауданның орман – тоғайды қорғап, оның ресурстарын тиімді пайдалануда.

          Осы өңірде өсетін орман-тоғайдың ауасы таза. Себебі олардың қылқан жапырақтары ауадағы микроптарды жоятын қышқыл заттарды бөледі. Орманды қорғау маңызды іс. Қандайда болмасын табиғат байлықтарын түз тағылатын болсын олардың өздері бейімделген ортасынан ажыратпай қорғап, қорын молайту, ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Туған өлкедегі жабайы аңдарды аулауға рұқсат етілмейді. Тек қана елді мекендерге, мал шаруашылығына қарсы шабуыл жасағанда қыста, күзде аулауға рұқсат етіледі. Таулы жерлерде борсықтардың салмағы 17-20 кг болады.

          Аңданда табиғи байлықты қорғау ерекше алынған. “Мөлдір бұлақ”, “ Жас өлке танушылар”, “Жас орманшылар” бағдарламалары қолға алынып, табиғатты ұстауға, аялауға көп көңіл бөліп келеді. Жеңіл өнеркәсіп шикі заттарының және шет елдерде шығарылатын шикізаттардың басты көздерінің бірі-аңдардың бағалы терілері. Сондықтан бізде терісі бағалы аңдарды көбейту және олардың қорын тиімді пайдалану мәселесіне үлкен мән берілсе. Біздің аңшылық шаруашылығында да өте бағалы және тиімді товардың бірі аң терісі болып есептелінеді. Қазіргі кезде Қазақстан байлығының бұл түрі-терісі бағалы аңдары өте нашар бағаланып келеді, осы мәселенің дұрыс шешілуін ұсынар едім. Терісі құнды кейбір аң түрлерін арнаулы фермаларда өсірілсе. Мысалы үй қоянын алсақ өте өсімтал, көп пайда келтіреді. Осындай бағыттарда жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілсе.

 

 

1.5 Жануарлар дүниесі

 

          Жануарлар (лат.Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді.

Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялықзерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді.

Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс органдары, тыныс алу, зәршығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.

          Жануарлар экологиясы – экологияның бір саласы. Бұл салада экожүйедегі популяцияның тіршілік ету заңдылықтары анықталып, жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада болып жатқан антропогендік факторлар жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі. Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың, әртүрлі табиғатта болып жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақтың ластануы – жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі. Мысалы, 20-ғасырдың 50-жылдарындағы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде сол аймақта тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың 70%-ы жойылып кетті. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Арал теңізінің тартылуына байланысты бағалы балықтар (сазан, қаяз, ақмарқа, т.б) құрып кетті. Омыртқалы жануарлардың 125 түрі және омыртқасыз жануарлардың 105 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Осыған орай, жануарлар экологиясы – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі.

          Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің аумағында төменде көрсетілгендей аңшылық жануарлар түрлері мекендейді (кесте 3).

 

Кесте 3. — Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің аумағында мекендейтін аңшылық жануарлары

 

Сыныбы

Тобыры

Түрі

Қысқаша биологиясы және экологиясы

Ескерту

1

2

3

4

5

Сүтқорек-тілер — Mammalia

Кемір-гіштер — Rodentia

Тиін – sciurus vulgaris Linnae-us, 1758

Жергілікті аңдар. Жыл бойы тіршілік етеді. Таулы және тегістіктегі ормандарды мекендейді. Ағаштардың және бұталардың ұрық-тарымен, жемістермен және сабақтармен, жидектермен, саңырауқұлақтармен қорек-тенеді. Жылына екі рет ұрпақ береді. Ұяларында 2-8 төлі бар. Кейбір жерлерде орман жаңаруына кедіргі келтіреді. Кәсіби-аңшылық нысана-лары.

S.v.exal-bidus

 

 

Сұр суыр – Marmo-ta baibacina Kastschenko, 1899

Жергілікті аңдар. Тамыз-қыркүйектен наурыз-сәуіге дейін ұйықтайды. Таулы-далалы және биік таулы-шалғындарда мекендейді. Шөптесін өсімдіктердің жер бетіндегі дымқыл бөлік-термен қоректенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 1-8 төлі бар. Кәсіби-аңшылық нысана-лары.

M.b.cen-tralis

 

Қоян тәрізді-лер — Lagomorpha

Құм қоян – Lepus tolai Pallas, 1778

Жергілікті аңдар. Жыл бойы тіршілк етеді. Шөлді тегістікте және тауда мекендейді. Шөптесін өсімдіктермен, бұталардың сабақтарымен, қабықтармен қоректенеді. Жылына үш рет ұрпақ береді. Ұяларында 2-8 көжегі бар. Кәсіби-аңшылық нысаналары.

L.t.leh-manni

 

Жырт-қыштар —  Carni-vora

Тас сусары – Martes foina Erxleben, 1777

Жергілікті аңдар. Жыл бойы тіршілк етеді. Тауда мекендейді. Тышқандармен, құстрамен, жәндіктермен, кейде жидектермен, жеміс-термен қоректенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 2-3 төлі бар. Қазақстанның Қызыл Кіта-бына енгізілген.

M.f.inter-media

 

 

Сасық күзен – Mustela eversmanni Lesson, 1827

Жергілікті аңдар. Азығы мол жерге көшіп жүреді. Жыл бойы тіршілік етеді. Ашық жерлерде мекендейді. Кеміргіштермен, кейде құстармен, жыландармен, бақалармен, жәндіктермен қоректенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 7-20 төлі бар. Ұлпан аң терісін дайындау нысаналары.

M.e.tal-assicus

 

 

Ақкіс –Mustela erminea Linnae-us, 1758

Жергілікті аңдар. Жыл бойы тіршілік етеді. Тауда, орманда, тоғайда мекендейді. Тышқандармен, шақылдақтармен, жәндіктермен қоректенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 3-8 төлі бар. Ұлпан аң терісін дайындау нысаналары.

M.e.fer-ghanae

 

 

Борсық – Meles meles Linnae-us, 1758

Жергілікті аңдар. Қыста ұйықтайды. Орманда, тауда, шөлде, далада мекендейді. Жәндіктермен, жауын құрт-тармен, майда сүтқорек-тілермен, құстармен, жеміс-термен, жидектермен қорек-тенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 1-5 төлі бар. Кәсіби-аңшылық ныса-налары. Эпидемилогиялық маңызы бар.

M.m.tia-nschanensis

 

 

Қоңыр аю – Ursus arctos Linnae-us, 1758

Жергілікті аңдар. Қыста ұйықтайды. Тауда мекен-дейді. Шөпті өсімдіктердің жидектерімен, жемістермен, кейде жабайы және үй жануарларымен қоректенеді. Кірекейлер екі жылда бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 1-3 қонжықтан. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

U.a.isa-bellinus

 

 

Қасқыр – Canis lupus Linnae-us, 1758

Жергілікті аңдар. Бір бөлігі тұяқты жануарлардың соңы-нан ереді. Жыл бойы тіршілік етеді. Орманда, тауда, далада, шөлде мекендейді. Тұяқты-лармен, қояндармен, кемір-гіштермен, құстармен, үй жануарларымен қоректьенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 2-12 бөлтіріктері бар. Ұлпан аң терісін дайындау нысаналары. Мал шаруашылығына зиянды. Құтырғымен ауырады.

C.l.al-taicus

 

 

Түлкі – Vulpe vulpes Linnae-us, 1758

Қоректері жетіспегенде мерзімдік қоныс аударады. Жыл бойы тіршілік етеді. Далада, шөлде, орманда, тауда мекендейді. Кемір-гіштермен, қояндармен, құс-тармен, өлекселермен, кейде өсімдіктермен қоретенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 1-12 жәутіктері бар. Ұлпан аң терісін дайындау нысаналары. Құ-тырғымен, ет қоректілердің обасымен, күйдіргімен ауырады.

V.v.kaz-akhstanica

 

 

Сілеу-сін – Lynx lynx Linnae-us, 1758

Жергілікті аңдар. Жыл бойы тіршілік етеді. Таулы және тегістіктегі ормандарда, кей-де ормансыз тауларда мекен-дейді. Қояндармен, суырлар-мен, шиқылдақтармен, құр тұқымдастарымен қорек-тенеді; жас тау ешкі және еліктерді аулайды. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 3-4 төлі бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

L.l.isa-bellinus

 

Жұп тұяқ-тылар – Artio-dactyla

Марал – Cervus elaphus Linnae-us, 1758

Жергілікті аңдар. Азығы жетіспеген жағдайда қоныс аударады. Таулы орманды мекендейді. Шөппен, ағаштар мен бұталардың сабақ-тарымен, қабықтармен қорек-тенеді. Жылына 40-90% сгі төл береді, бір кейде екі бұзаудан. Кәсіби-аңшылық нысаналары.

C.e.si-biricus

 

 

Елік – Capre-olus py-gargus Pallas, 1773

Жергілікті аңдар. Мерзімдік қоныс аударады. Таудағы және тегістіктегі орманда, тоғайда және қамыста мекендейді. Шөппен, ағаштар мен бұталардың сабақ-тарымен және қабықтарымен қоректенеді. Жылына бер рет ұрпақ береді. Ұяларында 1-3 төлі бар. Кәсіби – аңшылық нысаналары.

C.p.tia-nschanicus

 

 

Тау теке – Capra sibirica Pallas,

1776

Жергілікті аңдар. Мерзімдік қоныс аударады. Тауда мекендейді. Шөппен, ағаш және бұталардың сабақтарымен, жапырақ-тармен қоректенеді. Жылына бір ерт ұрпақ береді. Ұяларында 1-2 төлі бар. Кәсіби – аңшылық нысаналары.

C.s.ala-iana

 

 

Жабайы шошқа —  Sus  scrofa Linnae-us, 1758

Жергілікті аңдар. Мерзімді қоныс аударады. Тоғайда, қамыста және тауда, орманда мекендейді. Шөптесін өсімдіктердің және бұталар-дың жер асты және жер үсті бөліктерімен, жидектермен, жемістермен, жәндіктермен, өлекселермен қоректенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 2-10 торапайдан. Кәсіби – аңшылық нысаналары.

s.s.ni-gripes

 

 

Арқар – Ovis ammon Linnae-us, 1758

Жергілікті аңдар. Мерзімдік қоныс аударады. Шөппен, ағаш және бұталардың сабақтарымен, жапырақ-тармен қоректенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 1-2 қозақысы бар. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.

O.a. po-lli

Құстар — Aves

Тауық-тәрізді-лер-Galli-formes

Кекілік – Alec-toris chukar (Gray, 1830)

Жергілікті құстар. Шыңдары бар шөлдерде, аласа және биік тауларда мекендейді. Жануар (тік қанаттылар, қоңыздар, моллюскалар) және өсімдік (жапырақтар, сабақ-тар, баданалар, түйнектер, ұрықтар, жемістер, жидектер) тектес азықтармен қорек-тенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 6-24 жұмыртқа бар. Кәсіби және әуесқой аңшылық ныса-налары.

A.ch.dzu-ngarica

 

 

Гима-лай  ұлары – Tetra-ogallus himalayensis Gray, 1843

Жергілікті құстар. Шыңдары бар альпі шалғындарында мекендейді. өсімдіктердің жапырақтарымен, баданалар-мен, ұрықтармен, аршалар-дың жидектерімен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 7-16 жұмыртқа бар. Әуесқой аңшылық нысаналары.

T.h.se-werzowi

 

 

Құр – Lyrurus tetrix (Linnae-us, 1758)

Жергілікті құстар. Орман аралдарында мекендейді. Жас шөппен, жидектермен, ұрықтармен қоректенеді, жәндіктерді де аулайды. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 4-12 жұмыртқа бар. Әуесқой аңшылық нысаналары.

L.t.mon-golicus

 

 

Шіл – Perdix perdix (Linnae-us, 1758)

Жергілікті құстар. Тегістікте, өзен аңғарларында, бұталы шөлді тауларда мекендейді. Жас өсімдіктермен, ұрықтар-мен, жидектермен, жәндік-термен қоректенеді. Жылына бір рет ұрпақ береді. Ұяларында 13-26 жұмыртқа бар. Әуесқой аңшылық нысаналары.

P.p.luci-da

 

Сонымен, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің аумағында 20 түрлі аң-құс тіркелген. Оның ішінде сүтқоректілер – 16 (кеміргіштер – 2, қоян тәрізділер – 1, жыртқыштар – 8, жұп тұяқтылар – 5), құстар – 4 (тауық тәрізділер).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БОРСЫҚТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Борсықтың систематикасы осы күнге дейін әлі белгілі емес. 1950 жылдардың басында борсықтың 2-3 түрі белгілі болған. Жүргізілген зерттеу жұмыстар бойынша бұл бір M.meies L. түріне біріктірілген, түр тармақтары 3 топқа бөлінеді: — Европалық, Сібірлік және Қиыр Шығыс. Қазақстанда 4 түр тармағы мекендейді. Оның бірі Ферғаналық M.m.Severtrovi Heptner, 1940 Европалық топқа жатады, қалған үшеуі: Тянь-Шаньдық- M.m.osisirscus Kastsctenko, 1900 Азиялық топқа жатады. Европалық борсық тобының құйрығының ұзындығы жануардың дене тұрқысының 26%-ін құрайды, ал Азиялық тобында 28% –ін құрайды /3/.

Борсықтың системетикалық жүйесі:

          Класс  Сүт қоректілер — Маmmalia – Млекопитающи

Отряд  Жыртқыштар — Carnivora   -Хищные

Тұқымдасы Сусары — Мustelidae –Куньи

Туыс Борсықтар — Мeles Brisson – Барсуки

Түр Борсық – Мeles meles Linnaeus – Барсук.

 

 

2.1 Сипаттамасы

 

Борсық (M.meles L.) кіші мөлшерлі жыртқыш аң. Дене тұрқы 60-90см, құйрығы 12-15см, салмағы жыл маусымына байланысты 5 кг-нан 16, аса ірілері 24 кг-ға дейін жетеді. Тері жамылғысы өте қылшықты, оның түсі ашық сұрдан қара қоңырға дейін болады. Тұмсығынан желкесіне дейін ақ, көздері мен құлақтары үстінен қара қоңыр немесе шымқай қара жолақтар басып өтеді. Құлақтарының ұштары ақ. Бауыры, төсі және табандары қара. (сурет-2).

Алдыңғы азу тісі болмайды.бұл аң тағам талғамайды бәрін жей береді. Биік таулы аймақта, жазық жерлерде, қылқан және жаопақ жапырақты орманда, тайгада, жазық жерлерде, кездеседі. Бұл Европа мен Азияға таралған [3,4].

Қазақстандағы борсықтың түсі ашық сұрдан ашық қоңыр түсті және мекен ортасына байланысты. Тұмсығынан тамағына дейін ақ жолағы бар. Бұндай жолақ бет жағында бар. Көзі мен құлағынан қара қоңыр  және қара жолағы өтеді. Құлағының ұшы ақ. Іші, кеудесі және төмен жағы қара түсті болады. Тырнағының ұзындығы (жүріс кезінде) алдыңғы аяғының бірінші саусағында 12-20 мм, екінші- 18-23 мм, үшінші- 20-25 мм, төртінші-21-24, бесінші-16-20 мм. Артқы аяғының тырнақтарының ұзындығы 13 мм аспайды. Борсықтың қыстық және жаздық жүнінің түсі бірдей.

 

 

Сурет-2 Борсық

 

Борсық інінен шығар алдында інінің алдында тұрып, сыртқы қозғалысқа қарайды. Содан кейін барып сыртқа шығып 10 метірге дейін барып жан-жағына қарап өзіне төніп тұрған қауіптің жоқ екенін білгенен кейін барып қоректенеді [5].

Борсық қорғану кезінде қарсыласы мықты болса, онда ол сол аңға қарсы қарап тұрып, артқа қарай жылжиды. Жақын жерде іні болмаса жауын аяғынан тістейді, болса ініне кіріп тығылға борсық іннің екінші аузынан шығып, өзінің тұрақты ініне кіріп кетеді. Қарсыласы әлсіздеу екенін білсе, оған қарап шақылдап, желкесінің жүнін тікіркйтіп атылуы да мүмкін. Егер де түлкі немесе басқа аңдар інін тартып алып, сол жерге күшіктейтін болса, онда қайтып келіп күшіктерін өлтіріп, інін бітеп кетеді [6].

 

2.2 Мекені.

 

Орман- тоғайда, тіпті бұйрат-бұйрат құм арасындағы ағаш- бұта өскен жерлерде де мекендейді. Тегіс жазықтан ойлы-қырлы тау басына дейінгі аралықта кездестіруге болады.бәріне ортақ нәрсе-мекендейтін жерлеріне су көздерінің жақын болуы. Негізінен отырықшы; бірақ та ерте көктемде қысқы ұйқыдан оянған сң қорегін іздеп, ал көктемде қысқы ұйқыдан оянған соң қорегін іздеп, ал күзде жастары жан-жаққа тараған кезде қоныстарын ауыстырып отырады.жылына бір рет сәуір-қыркүйекте түлейді. Көбіне өз бетінше ін қазады немесе суырлардың індерін пайдаланады. Борсық- ол іншіл аң.Өзінің тұрақты ініне өте үйреншікті. Борсық інінің айналасытаза, жан-жағына қарай сүрлеу жолдар кетіп, оның көпшілік жағдайы сулы ортаға келіп тіреледі. Індерінде 1-ден 11-ге дейін аузы, ұясында жұмсақ шөптен жасалған төсеніші болады. Төсенішті іннің айналасынан 30 м қашықтықтан тасиды. Көк шөпті аударыстырып кептіреді. Қыркүйек-қазан айларында, ұйқыға кетер алдында, көктемде дайындаған төсенішті сыртқа шығарып, қайтадан ұяғакіргізеді. Төсеніш салмағы 5кг-ға жетеді. Жаз айларында , әсіресе жас борсықтар мен кәрі еркектері тас араларын баспана ретінде пайдаланады (3-сурет).

Борсықтың тастап кеткен індерін түлкі, қарсақ, шйбөрі, жайра, т.б. аңдар иемденіп қолданады. Санақ жүргізу жұмыстары алдында егерлер территориядағы борсықтардың індерін есептеп, оларды қорғау керек /7/.

Інінің ерекшелігі: борсық өзінін тазартады, тазартылмаған іннің алдында жыра тәрізді ойшық болады. Аңшылар оны “борсықтың корытасы” деп атайды. Олар індерін өзінен басқа жыртқыш кіре кіре алмайтындай етіп тастарды ортасына салады. Інінің тереңдігі 3-4 м, ұзындығы 7-10 м, кейде оданда ұзын болады. Егерде ол жерде бір жан ұя мекендейтін болса, бір іннің 5-6 аузы болады. Ол іннің ортасында ұйықтайтынжері болады, ал іннің ең түбінде азық сақтайтын жері болады. Тұрақты індерімен қатар уақытша індері болады. Ол індер жыртқыштардан қорғану үшін қазылады… Қалың орманда борсық мекендемейді /8/.

Егер бір территорияда бірнеше жан ұя қоныстанса, ол территорияның көлемі 500-600 м² болады. Ол территорияға қаңғыған, ауру борсықтарды кіргізбейді. Олар өз территориясына құйрығының астындағы иісті безінен сұйықтық шашып белгілейді. Олар топтанып өмір сүргендіктен, олардың қоныстанған жерін “борсықтың қалашығы” деп атайды. Тұрақты індерінде борсықтың аталығы мен аналығы және көбеюге қатыспаған ересектері мекендейді.

 

 

Сурет-3. Борсықтың  мекені

 

Борсықтар індерін жылына екі рет тазалап, жаңартып отырады. Ол туалетті інінен алыстау жерге қазады. Інін күзде ұйықтар алдында тазартқанда астына қалың, құрғақ етіп шөп қалдықтарын төсейді, ал көктемде ұйқыдан тұрғаннан кейін дымқылданған төсеніштерді шығарып тастайды.

Борсықтар ұйықтағанда інінің бір шетінде қалдық тастайтын шұңқыр болады, бірақ оны да көктемде тазартады. Борсықтың інінің маңына немесе інінің ішіне басқа аң келіп дәрет сындырып қалдықтар тастап кетсе онда ол басқа ін қазып көшіп кетеді. Олар өзімен бірге көрші тұрған аңмен ешуақтта жауласпайды, негізінен борсық тазалықты жақсы көретін сонымен қатар басқа аңдармен өштеспейді.

 

 

2.3.

 

Борсық тағам талғамайтын жыртқыш.Азығының құрамы жыл маусымы мен қоныстанған мекеніне байлансты өзгеріп отырады.Негізгі қорегі –насекомдар мен олардың личинкалары. Ю.С.Лобачевтың 1976 деректеріне қарағанда,Жоңғар Алатауында күз айларында азық құрамында алма мен қарақаттың үлестері көбірек ұшырасады азық құрамында алма мен қарақаттың үлестері көбірек  ұшырасады. Оның қорегі сан алуан түрлі.Олар жәндік пен өсімдіктерден тұрады.Борсықтардың қоректенудегі ерекшелігі басқа жыртқыштарға қарағанда олар қанша  аш болса да өлген аңды, құсты т.б.өлген затты жемейді, денесіне май жинайды.Мысалы, 1970 жылы қазанның 18-ші жұлдызында ұсталған салмағы 15,8 кг борсықтан 4,25кг тері асты және 0,4кг іш май жиналып алынған.Табиғи жағдайда    борсықтар  үнемі су ішеді,ал қолда ұстағанда  борсық  су сүт  ішіп  пісрілген картоп  пен нанды жейді /3,4,5,/.

Күндіз-түні жемін іздеп, тынымсыз козғалыста болады.Қазан айының екінші жартысында жерге қор мол түсіп, қатты суық  түсе қысқы  ұйқыға  кетіп ақпанның екінші жартысында немесе нарызда оянады. Бұл мерзім көктемнің жылы, суық болуына байлансты өзгеріп отырады .

Борсықтың ішек қарынының жылы, суық болуына билансты өзгеріп отырады .борсықтың ішіек қарнының ұзындығы дене тұрқысынан сегіз есе үлкен.Борсықтың негізгі қорегі ретінде жәндіктер,кеміргіштер, баурымен жорғалушлар,қосмекенділер,көкөністер, өсімдіктедің тамырлары және баданы, саңырауқұлақтар болып есептеледі (Кесте 4).

 

Кесте 4. Борсықтың қорегінің құрамы

 

Реттік

№№

Қоректің түрі

Кездесу пайызы

1

Сүтқоректілер (кеміргіштер)

23,6

2

Кеміргіштер

20,8

3

Құстар

8,3

4

Құстардың жұмыртқалары

12,5

5

Бауырмен жорғалаушылар (кесіртке, жыландар )

31,9

6

Балықтар

3,4

7

Жәндіктер

94,4

8

Өсімдіктер (көкөніс )

15

Борсықтар көбіне қорегін түнде аулайды. Борсықтар көбіне қорегін сезонға байланысты өзгертіп отырады .Олар қысқы ұйқыдан тұрған кезде кездесетін тірі жәндікткрдің бәрінде жейді соның ішінде тышқан тектес кеміргіштермен қоректенеді, ал мамыр – маусым айларында жауын құрты мен қоңыздарды көп қорек етеді. Олар жыртқыш аң болғанымен көбіне өсімдіктермен қоректенеді.

Борсықтар қысқы ұйқыдан тұрған кезде ле жинаған майының үштен бір бөлігін кейін қарай алып шығады. Олар келесі жылы майды маусымның бірінші жартысынан жйнай бастайды. Қысқы ұйқыға майды өсімдіктерден жинайды. Ересек борсықтарда тері асты майы  4-5 см жетеді, ал ішкі майы осының 20% — ін құрайды. Борсықтар суды көп қажет етпейді, күндіз ішінде жатып суды көп буландырмайды. Олар суды ит сияқты жалау арқылы ішеді. Сонымен қатар нан, суға піскен картоп және сүт ішед. Борсықтар қорегін басын төмен түсіріп, жерді тұмсығымен қопарып жүріп іздейді. Олар қысқы азықты жинағанда шөптің арасына кесіртке, бақа т.б. жәндіктерді орап сақтайды. Бұл азықты жинауы, қыс кезінде бір кездей соқ жағдайлар болып қалған жағдайда қоректенуге жинайды. Сонымен қатар ерте көктемде балалаған кезде, күн суықта, азық аз кезде балаларын қоректендіруге жинайды /4/.

 

 

2.4. Көбеюі

 

Борсықтар туғаннан кейін 3-ші жылы көбеюге қатысып, жылына бір рет, ерте көктемнен қыркүйектің ортасына дейін, ұйығуға қабілетті [1]. 9-12 ай ұрық дамып, наурыздың басында 1-ден  5-ке дейін ұрпақ дүниеге келеді. Мәскеу хайуанаттар паркінде жаңа туған жас борсықтың салмағы 76 г болған (Осмоловская, 1948). Күшіктері тез дамып, қысқы ұйқыға кетер алдында салмақтары 8,6 — 10,7 кг-ға жетсе, оның 25% денесіне жинаған майы болады. Борсықтарда басқа жыртқыштар сияқты шағылысу кезінде жыныстық мүшелердің жабысуы деген болмайды. Шағылысып болғаннан кейін аталығы кетіп қалмайды, бірақта аналық балаларын өзі қоректендіріп, өзі бағады. Дүниеге күшіктері келген кезде күн суық болса, іннің ауыздарын қалдық шөппен немесе жапырақпен жауып, бір – екі ауызын ғана жел, ауа келіп тұруға қалдырады. Аналығы күн жылыған кезде іннің аузына шығып, күнге қыздырынады. Борсықтар күшіктерінің және өзінің де үстін әрдайым тазалап, таза ұстайды (Сурет 4).

 

Сурет 4. Борсық күшіктері

 

Борсықтар күшіктеген кезде ініне бір жағдайлар болса, басқа жерден ін қазып, балаларын желкесінен тістеп тасиды. Егерде балаларын тасу кезінде, қауіпті жағдай болса, аузындағы баласын тастап басқаларын аман алып қалуға қашады. Балаларын бірінші сүтімен содан кейін күзде жинаған шөбімен, жәндіктермен қоректендіреді. Балалары өсіп 8-10 кг жеткен кезде, өздері азық тауып жеуге үйретеді. Бір жылдан кейін балалары аналарынан бөлініп, бөлек ін қазып өмір сүреді, бірақта аналары балаларын әрдайым қарап жүреді. Олар жан – жағының тыныш, таза болғанын қалайды.

Негізгі жаулары – қасқыр мен бұралқы иттер. Борсықтар құтыру, оба және қышыма ауруларымен ауырады [2.9]. Денесінде бүргелер (Chetopsylla homoea, Ch. Trichosa , Paraceras ilabellum ),кенелер (lxodes creulatus ), паразит құрттар (Ascaris columnaris, Mesocestoides lineatus, Molineus palents ) тіршілік етеді [3,4].

2.5 Мекемедегі борсықтың сан мөлшері

 

          Европа мен Азияның көптеген аудандарында тараған. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Мекендейтін жерлері ылғалды ортаға байланысты болғандықтан қоныстарында біркелкі таралмаған. Сан мөлшері Тарбағатай мен Жоңғар Алатауында көп – 1000 га жерде 19 – 20 борсық мекендейді. Іле, Қырғыз бен Талас  Алатауларында, Қаратау мен Алтайда, Сыр бойы мен Оңтүстік Балқаш өңірінде де жиі кездеседі. Іле Алатауында 1 000 га жерге, борсық мекендесе, Солтүстік және Батыс қазақстанда соңғы жылдары сан мөлшері азайып кетті [11].

          Борсықтың қорын тиімді пайдалану, оның таралуын, сан мөлшерін және тығыздығы туралы мәліметтерге байланысты. Қазіргі белгілі сан мөлшерін есептеу тәсілдері індерін есептеу, сол індерде тұратын борсықтың санын білуге негізделген [6].

          Визуалды тәсілдері арқылы борсықтың інін тауып, тұрақтыма немесе тұрғылықты емес пе екенін анықтаған соң, шаруашылықтың картасына алынған деректерді енгізеді. Борсықтың жан ұясының санын, құрамын және басқа мәліметтерді енгізеді.

          Талдықорған обылысы орман және жануарлардың дүниесін қорғау жөніндегі мемілекеттік мекемесінде жүргізілген есептеу жұмыстарының деректері бойынша 2013 жылы мекемеде 120 бас, 2014 жылы – 121 бас, 2015 жылы – 124 бас, 2016 жылы – 127 бас, 2017 жылы – 135 бас барлығы есепке алынған (Сурет 5).

          Талдықорған обылысы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемілекеттік мекемесіндегі әр жылғы  борсықтардың сандық мөлшері әр жыл сайын көбейіп отырған (Кесте 5).

 

Кесте 5. Талдықорған обылысы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемілекеттік мекемесіндегі борсықтың саны

ЖЫЛДАР

БОРСЫҚ САНЫ

ПАЙДАЛАНУ МӨЛШЕРІ

2013

120

18

2014

121

19

2015

124

19

2016

127

20

2017

135

21

          Борсықтың сан мөлшері шамамен бірыңғай болып тұр. Оның орналасу тығыздығы туралы тұрған індеріне байланысты. Борсықтың сан мөлшері құбылмалы болып келеді, бірақта кестеде көрсетілгендей — әдебиеттің деректеріне сүйене отырып, сан мөлшерінің қатынасы 1:1.

 

 

Сурет 5. Борсықтың тұрақты іні

 

          Тұрған індердің төменгі мекен ету тығыздық жекеше участкедегі кәсіптік аулауға дайын популяцияны ашық көрсетуге жетпейді. Сан мөлшерінің санының күрт өсуі қорегіне және жануарларына байланысты /4/.

          Жабайы аңдардың санын анықтау үшін, оларды жайылымдық жерлермен жыл мезгілі бойынша жүретін және биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып санақ жүргізеді.

          Талдықорған обылысы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі бойынша орманшы-егерлер құрамымен ұйымдастырылған бригада көмегімен жүргізіледі. Санақ жүргізу аңдардың кездесуіне байланысты немесе тұрған орындарынан үріккен кездегі жүретін жолдарында жүргізіледі. Есеп санақ жұмысы сай-жыраларда тау беткейлеріндегі жайылымдарда жүргізіледі. Әр түрлі аңдарда өзінің есеп-санақ жүргізу ерекшелігі бар. Есеп-санақ жүргізіліп біткеннен кейін қорытындылпнып орташа саналып жабайы аңдардың саналған аң түріне байланысты 1000 гектар жер көлемімен есептелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          2.6 Мекемедегі борсықтың санын молайту жолдары

 

          Борсықтың аңшылық алқабындағы бонитировкасы комплексті негізінде, олардың қоректік және қорғаныс жағдайларына байланысты жіктеледі. Ол алқаптар бонитет класына бөлінеді:

1 – ші  балл, бағасы –өте жақсы;

2 – ші балл, бағасы – жақсы ;

3 – ші балл, бағасы – орташа ;

4 – ші балл, бағасы – нашар ;

5 – ші балл, бағасы — өте нашар.

          Борсықты оқып зерттеу нәтижесінде, 6 аймақты типке бөлінеді:

  1. Жиде – тораңғы тоғайы. Талдықорғаның ылғалды жағалауларындағы учаскаларда кездеседі .Екі – үш ярусты (деңгейлі ) өсімдіктерге тән. Шөптесін өсімдіктер қалың өседі. Топырағы гумусқа бай. Жер бедері кедір – бұдыр , шөбі қалың, бұталар көп, осының бәрі борсыққа қорғаныс және қоректену жағдайын туғызады. 1000 га – ға 11 – 17. Жан ұя учаскасының орташа ауданы 200 – 300 га, жан ұя құрамы 4 – 7 борсық.
  2. Жиде- тораңғы оқшау тоғайы – бұл алқаптың ені шамамен 50 – 100 м, қалың шөп басқан (мия, кендір, т. б. ) . мезорельфті алқаптарда мия тамырын кәсіптік түрде жинайды. Бұл алқапта борсықтың әбден өмір сүру мүмкіндігі бар. Егер борсықты қудаламаса, онда мекен ету тығыздығы 1000 га 5 – 6 аң мекендей алады. Жан ұя саны – 2 – 3 класс бонитет.
  3. Тораңғы тоғайлары – құрғақ өзен арналарында өседі. Топырағының салыстырмалы қуаңшылығы мен шөп қалыңдығының нашарлығы жерде мекендейтін омыртқасыздардың борсық қорегінің сан мөлшерін азайтады. Мезорельефтің тұрақтануы борсықтың ін қазу қабілетін кемітеді, себебі ; біріншіден – қорек мөлшерінде тапшылық байқалады, екіншіден – Мезорельефте құм басымдау болғандықтан інді құрастыру қиынға түседі. Борсықтың тығыздығы 1000 га – 4-7 аң . Бір жанұяның саны 1-3 мекендейтін алқабының ауданы шамамен 300-400 га немесе 2-3 бонитетке тең.
  4. Қайта өсіп қалыптасып келе жатқан тораңғы ормандар – адамдардың жер жыртып тораңғы егіп өсіреді немесе өсімдік кезінде жойылып кеткен орман алқаптарында өзі өсіп өнеді. Ылғал жеткілікті болса, осы алқапта мия кендірдің жақсы өсуіне мүмкіншілігі бар. Борсықтың бұл алқапта жауынан қорғанатын жағдайы бар (қалың шөп ) және қорегі айтарлықтай жақсы. Мекен ету тығыздығы 1000 га 7-8 аң, немесе 3 класс бонитет. Бір жан ұяның саны 1-3 мекендеу алқабы орта көлемі 300-350 га.
  5. Бұта мен шөпті тоғайлар. Топырағының ылғалы жеткілікті және тұзы аз болса, төбелер мен дөңдерде бұталы – шөптесін ормандар өседі. Негізгі өсімдіктері – жыңғыл, мия, эрмантус, жантақ және қорек жоқтың қасы. Тұрақтау тығыздығы шамамен 1000 га 2-3 аң. Бір жан ұяның мекендейтін алқабының ауданы шамамен 500-600 га, тығыздығы 2-3 аң. Немесе 4 класс бонитеті.

          Бос жатқан жерге адамдар арық қазып су әкеледі, сөйтіп күріш, бақшалар мен бақтар салады. Бұл дақылдарды жиі суғарып тұру қажеттігі болғандықтан, астындағы судың деңгейі көтеріледі. Осындай жердің бетіне қайтадан тұз шығады. Адам еккен дақылдан басқа мия, кендір, жыңғыл, т.б. өсімдіктер каналдардың және коллекторлардың (лас суды тұндыратын су қойма) жағалауларында өседі. Борсықтың қорегі жеткілікті болғанымен, қорғанатын (тығылатын ) жері аз, сондықтанда борсықтар бұндай жерге аса қоныстанбайды. Мекен ету тығыздығы шамамен 1000 га 3 аңдай, немесе 4-5 класс бонитетке жатады. (Кесте 6).

 

          Кесте 6. Борсықтың мекен ету алқаптарының бонитеті

 

Реттік №№

Алқаптың атауы

100 га жерде мекендейтін жануардың тығыздығы, дана

Жан ұя учаскісінің орташа көлемі, га

Жан ұялар борсықтың саны, дана

Бонитет классы

1

Жиде-тораңғы тоғай

11-17

200-300

4-7

I

2

Жиде-тораңғы оқшау тоғайы

5-6

250-300

3-5

I-II

3

Құрғақ озен арналарына шыққан тораңғы тоғайлар

4-7

300-400

1-3

II-III

4

Жас тораңғы тоғайлар

7-8

500-600

4-5

III

5

Бұта, шөпті тоғайлар

2-3

500-60

IV

 

Аңшылық шаруашылығының дамуындағы  жүргізілетін негізгі Шаралардың бірі-биотехниялық шаралар. Олар жануарлардың бастарына түскен қиын кезеңін жеңілдетуге  арналған шаралар, яғни қыста, жұт кезінде,апттарда,өртте,т.б.жағдайда.

          Борсықтың биологиялық түр ретінде маңызы өте зор, бірақта  аң шаруашылығына экономикалық тұрғыдан әкелетін пайдасы көп емес, сондықтан да аңшылық кәсіптік маңызы бар жануарладың сан мөлшерін көбейтудегі, яғни биотехниялық шараларды қарастырғанда борсықты  әрдайым ұмытып отрады. Бірақта борсық кәсіби мағыналы аң болғандықтан, биотехникалық жұмыстарын жүргізу қажетті.

          1.Борсықтың терісі мен майы үшін көп ауланады әсресе  әлеуметтік жағдайлары  қиын оңтүстік өңірлерде. Аңшылық шаруашылығының  және табиғат қорғау инспекцияларын  техникалық  жағынан жеткіліті автокөлікпен, жанармаймен, қарумен, оқ-дәрімен  жабдықталмағандықтан, түрлі браконьерлерге карсы куресудің қиыншылық жағы туып отырады. Браконьерлікке қарсы күресудің бірден-бір тәсілі ретінде-ақпараттық бағдарламалар арқылы жиі бұқара халықпен насихатау–ақпараттық бағдарламалар арқылы жиі бұқара халықпен насихатау жұмыстарын жүргізу кажет.

1.Аң аулау мерзімдерін, аң аулау үшін тиісті лицензия түрлері туралы мәліметтер беру, қандай айыптар бар және қандай жазалар не үшін беріледі т.б.

          2.Борсықтың мекен ететін жерлерін қорғанатын және қоректерін көтеру үшін тораңғы, жыңғыл, жиде ағаштарын егу жұмыстарын атқару керек.

          3.Кейбір құнарлы жерлерге, өзен немесе канал жағалауларына, азықтық дақылдарды егу қажет, тапинамбур, жоңышқа, қызылша және т.б.

          4.Жыртқыш аңдармен күресті жүргізу  қасқыр, шибөрі, жабайы иттер (сурет-5).

          5.Орманды және далалы алқаптарда өрт мәселесіне абай болуды қадағалау қажет.

 

Сурет-5  Борсықтың  жаулары

 

Түсініктеме құжатқа тіркелетін қосымшалар:

  1. Жабайы аңдарды табудың 2017 жылғы жоспары.
  2. Жабайы аңдардың көрсеткіш есебі.
  3. Жабайы аңдардың орналасу карта-схемасы.
  4. Алғашқы құжатты есеп (карточка).

          Көжек күйінде алып келген қоян мысықтанда, иттен де, қорықпай, бірге ойнап, кейде оларды алдыңғы аяғымен ұрып, жәбірлеп қояды. Неше түрлі құстар қолға тез үйретіліп, асыға қорек күтіп жүреді. Түз жануарлары мен қолда үйретілген жануарлардың мінез-құлқы әр түрлі. Түз жануарларын табиғатта үнемі қауіп-қатер, жаулары қоршап жүреді. Сондықтан олар сақ, байқағыш, сергек, қауіпттен қашып құтылады. Аңдар мен құстардың мінез-құлқы нерв жүйесіне тікелей байланысты. Сол нерв жүйесінің қызметінің арқасында әрбір тірі организм сыртқы ортамен байланыста болып,оған бейімделіп тіршілік етеді. Адамның өмірі хайуанаттармен тығыз байланысты. Өйткені олар адамның шаруашылық пен мәдени қызметінде ең маңызды орын алады. Табиғат сырларының көбірек ашылуы, адамдардың өмірін жақсарта түседі, білімін жетілдіреді.

          Мысалы ит тұқымдастар- кәсіптік маңызы бар терісі бағалы жыртқыштар. Олардың ішінде әсір-есе қасқыр, қызыл түлкі және қарсақ сияқты аңдар кең тараған. Қасқырдың мінез-қылығында нағыз қайтпас қайсарлық сипат бар. Мәселен, қасқыр 3-5 күндік аштыққа шыдай береді. Табиғаттың қай құбылысына болмасын –дүлей күштеріне төзімді қараңғыда жақсы көреді. Иісті 2-5 шақырымдық жерден жақсы ажыратады. Жалпы мінез-қылығы күндіз тыныстап, түнде жортуылға шығуға бейімделген. Қанына сіңген қасқырдың осы бір “қатыгез қасиетін” жою үшін, әуелі олардың “тілін тауып” қолда өсіріп, қайсы бір жақсы иттердің тұқымдарымен будандастырып осынау ерекше жаралған хайуанаттың халық қажетіне жарамды бір ұрпағын сақтап қалсақ деген ой пікірімді білдіремін. Түз жануарлар ауа райының әр түрлі жағдайларына ұшырап, ондағы болатын құбылыстарды сезініп, оған өздерінің мінез-құлықтарын өзгерту арқылы жауап беріп отырады.

          Мысалы; қарлығаштар аспанда самғап ұшса-ауа райының ашық, төмендеп ұшса- жауын болатыны халық арасында кең тараған және тағы басқа аңдардың, құстардың мінез-құлқына қарап ауа — райын зерттеуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 БОРСЫҚ АУЛАУ ТИІМДІЛІГІ

 

          Ертеде Талдықорған обылысы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемілекеттік мекемесіндегі жартылай кәсіптік аймаққа жатқан жергілікті халық негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.

          Өткен ХХ ғасырдың басында экспортқа көптеген жануарларды шығарған –қырғауыл, аққу, қаздарды, жабайы үйректерді, бөденеледі. Аққұтанды, қарсақтарды, түлкінің, борсықтың, құндыздың  терісі мен етін. Аймақ далада және сулы — батпақта мекндейтін аң құсқа бай болатын.

          1911 жылы Варшаваға 275 пуд қырғауылдың құйрықтарын, бір құйрық 40 тиын тұратын. Жылына шамамен 200 аққу, 4000қаз, 30000 үйрек, 1000 бас доңыз ауланатын.

Жәрмеңкеге қоқиқаздың қанаттары, аққудың өті, әсіресе аққұтанның  қауырсыны жоғары бағаланған (күйлеу сәні), бағасы золотникке  4-7 рубль  (1 золотник  4,3г алтын бар); бөкеннің бір жұп мүйізіне  30-35 рубльге өткізген «Загрудный, 1915».

Соңғы жылдары аңды аулау облыс бойынша жалпы төмендеп кетті (Кесте 7).

 

Кесте 7. Талдықорған обылысы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемілекеттік мекемесіндегі борсықты 2013-2017 жылдардағы аулау көлемі

Жылдар

Ауланған борсықтың саны дана

Ауланған борсықтың төлемі, тенге

Ауланған борсықтың төлемі, тенге

2013

18

100

1800

2014

19

100

1900

2015

19

100

1900

2016

20

100

2000

2017

20

100

2000

 

 

          Талдықорған обылысы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемілекеттік мекемесін кейінгі жылдары жылына 100 бас борсық аулауға лимит беріліп келген .

          Үкіметіміздің  қаулысымен кәсіби аңшылар үшін бір жолдаманың  қүны 100 теңге, ал әуесқой аңшылар үшін- 200 теңге белгіленген.

          Берілген лимитті мекеме кәсіби аңшыларға үлестіріп  отырған.

          Сонда,әр жылы мекемеге борсыққа жолдама беруден 20000 теңгеден түсіп отырады. Жалпы бес жылда 100 мың теңге мекмеге борсық аулаудан табыс түсіп отырған. Жануарды аулау тәсілдері жұмыстың өнімділігімен  және көп жағдайда өнімнің сапасына қарап анықтайды. Аулау тәсілімен жануарлар қорын рационалды түрде тиімді пайдаланып қолдануға болады минималды жануар түрін жоғалту. Таур өнімін дайындағанда асыл тері және ет жануарды аулағанда жұмыс шығыны минималды болуы тиіс, өнім сапасы жоғары және жаралы жануарды минималды жоғалту жарақат, жыртқыштарымен желенуі, жануарларды аулау мерзімінен ерте аулау, теріні дұрыс өндемеу немесе сақтау тәсілін дұрыс қолданбау.

           Спорттық аулауды жұмыс шығыны демалыс түрде көрсетіледі және ауланатын жануарға шектеу қою жоқ тұзақ, тор және кейбір басқа өздігінен аулайтын құралға. Бұл жерде  негізгі аулау тәсілімен аңшының спорттық қажеттілігін қанағат ету аулауға болатын жастағы аңды ұстату, жүгіріп бара жатқан аңды ату, ұйымдаса отырып аулау — қуып аулау, қуғыншы және інге түсетін иттермен аулау, жалаушалармен аулау және т.б. Аулау үстіндегі өнімнің сапасы спорттық аңшыға аз мағына білдіреді, тауарды аулағанда өнімге қарағанда. Бірақ фаунаны рационалды пайдалану туралы сұрақ бірінші дәрежеде мағына білдіреді /сурет-6/.

              Жабайы жануардың аулау тәсілі анықтау үшін, олардың биологиясы мен экологиясы анықталады, жұмыс құралы және нақты мекендеу жағдайлары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 ЖАНУАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ

 

        Жануарлардың  белгілі бір тобын қорғау ертеден қолға алынып келеді. Қазақстан конститциясына сәйкес жануарлар дүниесі мемлекеттік меншікке жатады –бүкіл халықтың игілігі .

          Талдықорған обылысы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемілекеттік мекемесінде 33 адам қызмет атқарады, оларды атқаратын қызметіне байланысты. Орман және орман шаруащылығының- 23 адам, егерь және арнайы аң шаруашылығының — 8 адам. Біріншілері тұрақты «стацонарды» екіншілері –оперативті күзет ұйымдастырады. Бақты, жануарларды Қорғау, өсіру және қорын пидалану  ТҚААҚ  Министерлігі коллегиясының «Браконьерлікке Күресті күшейтудегі шаралар» шешімі бойынша жұмыс жүргізілуде.

          Сонымен қатар, браконьелікпен және басқа табиғаттқа зиян келтірушікпен күресті басқаратын штаб «немесе орталық» 2000 жылы құрылған. Бұл құрылым табиғатты қорғау прокуратурасымен және ауданды  ішкі істер басқармасымен тығыз жұмыс жасауда. Қорықтағы браконьерлермен және табиғат заңдылықтарын бұзғандармен күресуге егерлермен аңшылық мамандардан құрылған бес оперативті топ жұмыс істейді. Өкінішке орай ,бұл топтардың материалды –техникалық жабдықталуы ойдағыдай емес.

          Бөлінген автокөлігтер техникалық байқаулардан мезгілінде өтіп тұрмағандықтан үнемі жөндеуде, сол себепті оперативтік топ өздерінің көліктерімен жұмысқа шығады. Қару мәселесіде тапшы. Осы жұмыстың нәтижесінде 2005 жылы 96 табиғат қорғау заңдылығын бұзған  айыпкер ұсталды, оның ішінде 37 браконьер. Олардан 34 дана атқыш қару алынды,7-інің үстінен қылмыстық іс қозғалды — 906530 тенгеге айыппұл көрсетілді. Ұйымдастырылған жедел шаралар нәтижесінде орманды бұзушылардың 36 ұсталып, олрға 391617 тенге айыппұл салынды, өтелген 282 692 тенге. 2017 жылы ұйымдастырылған жедел шаралар өз нәтижесін берді 42 браконьер  ұсталды, алынған қару саны (протокол бойынша) 37 дана атқыш қару алынды, 229900 тенге айыппұл салынды, оның 186 972 тенгесі өтелді.159 адам түрлі әкімшіліке айыпқа тартылады

          Аталған сонғы 2-3 жыл ішіндегі жетістіктерге қарамастан, табиғатты қорғауда айтарлықтай шешілмеген қиындықтар бар. Қазақстан Республикасының 03.08.2000 жылы –1176 (ҚР Заңдарын жүзеге асыру) Кейбір қору түрлеріне мемлекет тұрғысынан бақылау, атты қаулы жарық  көрген соң, Талдықорған орман  және жануарлардың дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіндегі мамандарының қызыметте қолданатын атқыш қарулары алынып, қару сақталатын  қоймаға  тапсырылды. Осының салдарынан топ күзетті өтеп жүрген мамандардың 70-пайызы қарусыз қалды.

          ҚР 04.09.2001.жылы –140 Жануарлар дүниесіне  тигізген зияны үшін өтелетін өтемкөлемі туралы қаулысында, заң бұзушының әлеуметтік жағдайы  есепке алынбаған, осының әсерінен айыппұл тағылғанмен, оны өтеу үлкен мәселеге айналуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 ЕҢБЕК ҚОРҒАУ

 

          Еңбекті қорғау әрбір салада, оның ішінде аң шаруашылығында негізі роль атқарады.

          Еңбек қорғаудаң аң шаруашылығында мәні еңбек процесі кезендегі қауіптілікке байланысты еңбек жағдайын жасау.

          Кездейсок жағдайлардын себептерін жарақат алуды және ауруға ұшырауды жою үшін еңбек қорғау бойнша жұмысты дұрыс ұйымдастыру керек.

          Сондықтан аң шаруашылығындағы бригада өндірістік жарақаттануды жібермеу және еңбек жағдайын неғұрлым жақсарту мақсатында техниқалық персонал, әкімшілік тараптан жұмыстар атқарылуда.

          Жаңадан қелген жұмысшылармен сөзсіз кіріспе нұңсқау және техника қаупсіздігі бойынша нұсқау жүргізілуі керек. Квартал сайын декада басында нұсқауды қайталап жүргізіп және журналға тіркеп отыруы тиіс.

          Техника қаупсіздігін бұзған жағдайда кезектен тыс нұсқау жүргізіледі. Жумысшыларға разрыд беру үшін аттестация жүргізіледі. Квалификация комиссиясы әрбір жұмысшының кәсіби шеберлік деңгейін анықтап, оған сәйкес разряд беріледі. Әкімшілік бөлімшелерде қоғамдық бақылау журналы бар, онда ескертулерді техника қаупсіздігі бойнша қалпына келтіру ұсыныстары жазылады. Қалпына келтіру мерзімі және оның орындалуына жауапты адам белгіленеді.

          Мекеме әкімшілігі және кәсіподақ ұйымы арасында жыл сайын еңбек қорғау бойынша шарт жасалынады. Онда өндірістегі ауру мен жарақат алушылар сынын азайту шаралары жасалынады. Қару-жарақ техника мен жұмысшы киімдерін дайндау және тексеруден өткізу. Жұмысшыларға жұмыстың инструкциясын түсендіру және техника қаупсіздігін ережелерін ескеру керек.

          Еңбек қорғау техника қаупсіздігі бойнша жұмыс еңбек қорғау ережелеріне жүктеледі.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Кең байтақ қазақ жерінде мекндеиді сүт қоректілердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі –аса бағалы әрі құнды терісі үшін ауланатын аңдар. Олардың ішіне  ең  негізгісі –ондатра, ақтиін, суыр, зорман, қызыл түлкі, қасқыр, қарсақ, борсық және т.б. Осы аталған бағалы аңдардың көбінің құнды терісі шет елдерге шығарылады. Соңғы 20-25 жылда республикамызда аң терілерін дайндау 30-40 жылдармен салыстрғанда бірнеше есе төмендеп кетті. Оның басты себеб, кейбір жабайы аңдар санының азайып кетуіне емес, негізінен, шаруашылық ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жүргізілмей отырғандығынан. Егер аңшылық шаруашылығын дұрыс жолға қойсақ, бағалы терілер дайындауға толық мүмкіндіктер бар. Сондай-ақ аңдарды аулау тек құнды елтірі ғана беріп қоймай, сапалы ет, әртүрлі ауруларға ем болатын  витаминдерге бай май береді. Хайуанаттардың тіршілімен толық танысу үшін оларды жан-жақты терең зерттеу керек, бұл бізге олардың даму тарихын білуге, оларды қорғау мен тиімді пайдалану негіздерін жасауға мүмкіндік береді.

          Борсық қанша жыртқыш болғанымен де, аңдарға өздігінен тиіспейтін аң. Бір елдерде борсықтың ізіне қарап, жұрісіне қарап «кішкентай аю» деп те атайды. Борсықтың еті, майы, қылшығы ,түгі халық шаруашылығнда кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде борсықтар азайып бара жатыр. Болашақта борсықты қорғауға алмаса жоғалып кету де мүмкін.

Талдықорған обылысы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемілекеттік мекемесінде борсықты зерттеген соң, келесі тұжырымдарға келдік.

1.Облыс көлемінде борсықтың 2 түр тармағы мекендейді- олар ферған (М m Severtzovi Y) және құм (M m arenarius S).

  1. Борсық кең тараған, ол тек үлкен құмның ішінде ғана жоқ, себебі борсықтың мекендеудегі бірден –бір шарт -ол (өзен ,көл ) болуы.
  2. Облыс көлемінде борсық қоныс аудармай, бірақ кейбір қуаңшылық жылдары қоныс аударуы мүмкін.
  3. Борсықтың жемтігі ретінде шамамен 9 түрлі қорек кіреді. Ұсақ сүтқоректілер, кеміргіштер, құстар және олардың жұмыртқалары, баурмен жорғалаушылар, қосмекенділер, жәндіктер және олардың личинкалары өсімдіктер.
  4. Жылына бір рет күйлейді, орта есеппен 5-6 төл әкеледі.
  5. Жанұямен өмір сүреді.
  6. Қаржының таршылығынан аңшылық шаруашылығы керекті жұмыстарды орындай алмайды.

Практикалық ұсыныстар.

-Борсық зиянды кеміргіштердің сан мөлшерін азайтады, сонымен катар інін қазу кезінде көп жерді аударып шығады. Осының әсерінен шөптесін өсімдіктердің айналымы өседі. Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемілекеттік мекемесі борсықтың биологиясын зерттеу жұмыстарымен айналысып, сан мөлшері көбейту  жағын қарастыру керек.

-браконьрлікке жол бермеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Лобачев Ю.С. Экология борсука в горах юго-востока Казахстана – Бюл.МОИП. отд.биол., 1976, вып.5.
  2. Штуббе М .К. К   ПОПУЛЯЦИОННОЙ    биологии   борсука.-В  кн.. Труды  Междунароного  конгресса   биологов  -охотоведов. М.,1970
  3. Млекопитающие казахстана т.3,ч.2 -Алма-Ата, Наука, 1982. – 151-170 б.
  4. Бекенов А.Б., Есжанов Б.Е., Махмұтов С.М. Қазақстан сүтқоректілері. – Алматы, Ғылым, 1995. – 280 б.
  5. Лесняк А.П. Питание барсука в Чу-Илийском междуречье. В кн.: Вопросы экологии и физиологии вредных и полезных животных Узбекистана. Ташкент, 1965.
  6. Ковалев А.К., Литванов Ю.Н. Учет численности и рациональное использование животных в спортивных и охотничьих хозяйств Таджикской СССР, — Всесоюз. совещание по пробоеме кадастра и учета животного мира.Тезисы докладов, ч.II, Уфа, 1989, 221-223 б.
  7. Наумов С.П. О фауне и стационарном распределении млекопитающих Кзыл-Ординского уезда Сыр-Дарьинской области. – В кн.: — Труды об-ва изучения Казахстана. Кзыл-Орда 1927, вып. 1.
  8. Антонов А.Л. Плонтность размещения нор барсука в бассейне р. Шивки (Хабаровский край). – Всесоюз. Совещание по проблеме кадастра и учете животного мира. Тезисы докладов, ч Уфа, 1989, 181-182 .б.
  9. Юрченсон П.Б. Семейство  куниц. – В  кн.. В.Г.Гептнер и  др. Млекопитающие   Советского  Союза.  М.,1967, т    ч1.
  10. Чичкин Ю.Н. К экологии хозяйственному значению борсука на Киргизии.-Труды Сары-Челекского гос. заповедника, 1968,вып.3.

11.Горшков П.К.  К Вопросу о значении борсука в лесных биоценозах   Волжско-Камского края. Животный мир. М.,1964.

  1. Гептнер В.Г. Некоторые теоретические стороны вопроса о подвиде, подвидовых признаках и границах подготовке ареалов на примере географической изменчивости двух видов палеартических млекопитающих. – В кн.: Сб. трудов зоол. музея МГУ.
  2. Афанасьев А.В. и соавторы. Звери Казахстана. – Алма-Ата, АН КазССР, 1953. – 364-371 б.