Талдықорғанда ер адам 12 жастағы қызды аңдып, азғындамақ болған (видео)

Талдықорғанда ер адам 12 жастағы оқушы қызды аңдып, азғындамақ болған. Полиция оны іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

16 қараша кешкі уақытта Талдықорғанда белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болған. Видео әлеуметік желіде жарияланды.

Сондай-ақ жазба авторы жеткіншекке ер адамның жыныстық сипаттағы іс әрекеттерді жасағанын айтқан. 

Алайда полицияның хабарлауынша, бала зардап шекпеген. 

«Аталған факт бойынша күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шаралар қалалық полицияның күшімен жүзеге асырылуда, оларға облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері де қосылды», — делінген хабарламада.

Тергеу жүргізілуде, іс Жетісу облысы полиция департаментінің ерекше бақылауына алынған.