Талғардағы қанды оқиға : Марқұмның отбасы әлі күнге дейін көз жастарын тия алмай отыр.

фото tengrinews.kz
Талғардағы қанды оқиға жайлы марқұмның отбасы әлі күнге дейін көз жасын тия алмай отыр. Қайғыдан қан жұтқан туыстарының айтуынша, күдікті жанжал кезінде қару қолданып, артынша «балаңды атып кеттім» деп мақтанышпен хабарлаған деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Марқұмның әпкесінің айтуынша, ол ешқашан дау-жанжал іздейтін адам болмаған:
«Ініме ешкімге жамандық жасамағанын бәрі біледі. Ол тек отбасын бағып-қағуды ойлайтын, еңбекқор жігіт еді. Бізге бұл соққы ауыр тиді», – дейді ол.
Туыстарының сөзінше, қанды қылмыс бір сәттік ашудың, аяқасты жанжалдың салдарынан болған. Қазір олар әділ тергеу жүріп, кінәлі заң алдында жауап береді деп сеніп отыр.
Құқық қорғау органдары күдіктінің ұсталғанын және уақытша қамауға алынғанын растады. Оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде.
Ал қара жамылған отбасы қарапайым ғана өтініш айтады: «Біздің қайғымызды ешкім көрмесін, әділдік орнасын».
