Танымал әнші Димаш Құдайберген «ҚазМұнайГаз»-дың бұрынғы басшысы, мұнай саласының сарапшысы Олжас Байділдиновке қатты сын айтты.

Бірнеше күн бұрын Байділдинов газ бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдіріп, Астана мен Алматы қалаларында автобус жолақысын 500 теңгеге дейін көтеруді ұсынған еді. Сонымен қатар ол қазақ тіліне қатысты менсінбеушілік сипаттағы пікір айтқан деп хабарлайды Altyn-orda.kz

«Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзіңнен басталады. Өз тілінен ұялып, өзге жұрттың мақтауын іздеген адам сөзін емес — тамырын жоғалтады. Олжас, сен сияқты арандатушылардың қызметінен босатылғанын қалаймын. Сен кішкентай қорқақ бала сияқтысың. Мен қазақша жазбаған себебім — сен оны түсінбейсің», — деп жазды Димаш.

Пікірлер бөлімінде қолданушылар әншіні қолдады:

@bagila_talimovna: «Димаш толықтай дұрыс айтты. Билік осындай “кішкентай балаларға” кейін өзі жүзеге асыратын нәрсені айтқызады. Құдайдың нұры сүйікті ұлымыз Димашқа жаусын!»

@zibagulmusaeva: «Алла сені қолдасын, қазақ халқының жарқыраған жұлдызы!»

@ainur77.01: «Қазақ халқына берілген жұлдыз 🌟»

@sakhanova8349: «Дұрыс айтты! Алла Димашты жаман сөздерден сақтасын!»

@jasimbek1974: «Жарайсың, Димаш! Халық сенімен!»

@kulimbetovamavzuda: «Димаш — ақылды жігіт ❤️»

@keneskulanarbekova: «Ол қазақ тілін әлемге танытты, қазақша ән айтып, елін ұлы тау деп атайды! Осындай арда ұлдарымыз аман болсын!»

@03akni_: «Шынымды айтсам, Димашты тыңдамаймын, бірақ бұл жолы оны толық қолдаймын 👏».

Әншінің жазбасы қоғамда кең талқыланып, қазақстандық әлеуметтік желілердегі ең қызу пікірталас тудырған тақырыптардың біріне айналды.