Тележүргізуші Руслан Өтепбай құлдықта болған Назгүл мен Құндызға алтын сырға тақты
Smart News басылымының хабарлауынша, «Көреміз» ток-шоуының жүргізушісі, журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндызды Жаңа жылымен құттықтады.
«Жексенбі күнді пайдаланып, қарындастарымды жаңа жылдарымен құттықтап қайттым! Себебі бұл жыл Назгүл мен Құндыз үшін ерекше жыл! Мерекеге орай екі қыздың қос құлағына алтын сырға тағу бұйырды! Қарындастарымыздың қара басы алтыннан да ардақты болсыншы! Қыздарға сырғалары жарасты ма?» — деп жазды ол. Журналистің оқырмандары журналистің бұл әрекетіне қайран қалды.
«Керемет мәз болып калды. Руслан арманыңа жет. Аллах разы болсын сізге». «Бұйырса қыздардың ұзату тойында бас құда болыңыз», «Қыздар күн өткен сайын әдемі болып келе жатыр», «Өңдері жақсарып қалыпты. Бірақ әлі батылдық жоқ. Сізге Алла разы болсын Руслан мырза» деп жазды оқырмандар.