Темірлан Анарбеков өзінің басты арманын айтты: “Бала кезімнен Англия премьер-лигасында ойнағым келеді”

Фото: “Қайрат” фк
“Қайраттың” жарқ етіп шыққан жас қақпашысы Темірлан Анарбеков соңғы матчтардағы сенімді ойынымен ел назарын өзіне аударды деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Чемпиондар лигасы жолындағы тартыстарда ол бірнеше рет командасын қиын жағдайдан алып шығып, жанкүйерлердің құрметіне ие болған еді.
Жас қақпашы жуырда берген сұхбатында бала күнінен келе жатқан арманымен бөлісті. Оның айтуынша, кәсіби футболға алғаш қадам басқан сәттен бастап-ақ мақсат айқын болған Англияның атақты премьер-лигасында ойнау.
Темірлан премьер-лиганы әлемдегі ең жоғары қарқын мен ең үздік футбол мәдениеті қалыптасқан орта деп санайды. Сол үлкен аренада өнер көрсету — өзін әлі де шыңдап, жаңа деңгейге көтеру үшін үлкен мотивация екенін айтады.
Қазір ол өз арманына асықпай, бірақ нық қадаммен жақындап келе жатқанын жасырмайды. Жаттығу, тәртіп, тұрақты ойын тәжірибесі — оның басты ұстанымдары.
Жанкүйерлер де Темірланның талпынысын қолдап, оның Еуропаның үздік клубтарының бірінде ойнайтын күн алыс емес деп сенеді. Б
Бүғанға дейін Темірлан Анарбековтың үздік ойыншы атанғаны туралы жазған едік “Қайрат” қақпашысы Чемпиондар лигасын шулатты – Анарбеков ойынның үздігі атанды








