Теміртауда аяздан магистральдық су құбыры қатып қалды
Теміртауда аяздан қаладағы магистральдық су құбыры қатып қалды. Салдарынан қаланың шығыс бөлігіндегі 6 квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап
Теміртау қаласының әкімдігі мәліметінше, оқиға орнында 8 бригададан құралған топ жұмыс істеп жатыр.
Диаметрі-300 мм магистральдық су құбыры қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі. Проблемалық учаске анықталды (шамамен 20 м.) сол жерде 8 бригада, 10 бірлік техника жұмыс істеуде. Мәселені қала әкімі бақылауда, — делінген хабарламада.