Теңге тұрақтылығын жоғалтып жатыр: доллар 540-тан асты

3 қыркүйектегі сауда-саттықта АҚШ долларының бағамы Қазақстанда 540,18 теңгеге жетіп, соңғы айлардағы кезекті максимумды көрсетті. Валюта бір тәулікте 0,55 теңгеге қымбаттағаны туралы деректерді Қазақстан қор биржасы жариялады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz.
Қолма-қол нарықта доллар 540,5–541 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро 629–631 теңге деңгейінде, ал рубль шамамен 6,7 теңге көлемінде саудалануда.
Теңгенің әлсіреуі мұнай бағасының төмендеуімен қатар жүріп жатыр: қараша айындағы Brent фьючерстері барреліне $68-ден төмен деңгейде сақталуда. Ұлттық валютаға қысым көрсетіп отырған факторлар – сыртқы сауда тәуекелдері мен Ұлттық банктің шектеулі валюталық интервенциялары.
Altyn-orda.kz
