Тікұшақ, бренд киім мен гауһартас: Африкадағы элиталық мектеп түлектерінің бітіру кеші қалай өтті (фото, видео)
Интернетте Угандадағы элиталық мектептегі бітіру кешінің видеосы миллиондаған қаралым жинап үлгерді. Олар салтанатты іс-шараға тікұшақпен және қымбат көліктермен келген, деп жазады Altyn-orda.kz KAZ.NUR.KZ. ке сілтеме жасай отырып
@dw_photography_ug youtube-арнасындағы видеода бай мектеп түлектерінің кеші сән-салтанатымен, көлемімен таңғалдырады. Олардың кейбірі тіпті іс-шараға жеке тікұшағымен келген. Ал енді біреулері өте қымбат брендті киімдер кисе, кей мектеп түлектері жүз мыңдаған доллар тұратын гауһартастармен жарқырап жүрді.
«Кадрлардан көріп отырғандарыңыз – жұлдыздар жиналған кеш емес, бұл салтанатты қызыл кілем Угандадағы элиталық мектептердің біріндегі бітіру рәсіміне жайылған», — деп жазылған ZTB Instagram-парақшасында. Әлеуметтік желілерде тікұшақпен келіп, жұртты таңғалдырған қос түлекті соңғы төрт жылдағы Угандадағы ең керемет жұп деп атаған.
Тікұшақпен келген жұп. Видеодан кадр: youtube.com/@dw_photography_ug
Кейбір интернет қолданушылары «тіпті атақты Ломе француз лицейінің де мұндай сәнді бітіру кешін өткізуге шамасы келмейтінін» атап өткен. Уганда элиталық мектебінің түлектері.
Жарқырап киінген кеш түлектері
iс-шараның ауқымы бойынша түлектер Met Gala немесе Канн кинофестивалімен оңай бәсекелесе алды.