Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа ресейлік журналист Тина Канделакидің Қазақстанға қарсы сөзіне байланысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Мемлекет ондайды кешірмейді”
Ulysmedia.kz тілшісі СІМ ресми өкілінен не себепті әлі күнге дейін Тина Канделакидің сөзіне назар аудармай, жауап бермей отырғанын сұраған.
– Қоғам өзі енді жауап берді ғой. Бір апта қызу талқыланды. Оған не қосайын енді? Өз есесін алды ғой. Ең өкініштісі, солай айта беретін шетел азаматына жауап бере берсек, онда өзіміздің қанша ішкі мәселесі қалып қалады. Соған көңіл бөлейік. Сырттан біреу ананы айтты, мынаны айтты деп назар аудара берсек, уақытымыз да жетпейді. Екінші өкінішті мәселе, көрші елдегі азаматтар біздің елден білмейтіні адамды кішкене өкпелетеді. Өйткені біз туралы ақпарат дұрыс емес. Біздің елге, қалай өмір сүріп жатқанымызды келіп көрсін. Ойдан шығарып жаза бергеннен енді, әлеуметтік желіде қырылысқанша өзіміздің жұмысты ары қарай жалғастырайық, – дейді Айбек Смадияров.
Бұған дейін шетелдің Қазақстанға қарсы айтқан адамдарын арнайы тізімге енгізілетіні хабарланған еді. Тина Канделаи бұған кіре ме деп сұралды Айбек Смадияровтан.
– Тізімді қайта-қайта сұрай бересіздер. Бір-екі-үш деген ондай тізім жоқ. Ол әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Егер сізге біреу ұнамаса, үйңізге кіргізбейсіз ғой. Біз де сол. Керек кезже шара қабылданады. Бүгін кіргізесіздер ме, ертең кіргізесіздер ме деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, – дейді ол.
“Келген жағдайда кіре ме?” деген сұраққа Айбек Смадияров “келген жағдайда кірмейді” деп жауап берді.
Әңгіме қайдан шықты
Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған.
Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан — Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.
Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, «тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы» деп жазған.
Қазақстанның танымал журналисі Динара Сәтжан Канделакиге әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, біздің еліміздегі қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін атап өткен. Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Т/Ж станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары» дейді ол.
Қазақстанның депутаттары осы шу жөнінде пікірін білдірді.
Арман Шораевтың пікірі
Публицист Арман Шораев болса жалпы Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған ақпарат шабуылдарын өзінше бағалайды Егер Ресейде есі ауысқандар Қазақстанның солтүстігінде арнайы әскери операция өткіземіз десе, федерацияның көрер күні санаулыға айналады. Ол аз десеңіз, Қазақстандағы орыс этносының 2,5 млн адамының тағдыры ала-дүлей болары анық, себебі мұсылман еліне жасалған шабуылды ислам әлемі кезекті крестшілер жорығы ретінде қабылдайтыны анық дейді ол.