Төбемізден оқ атылды: Жазира Байырбекова жолда қорқынышты жайтқа тап болған
Әнші Жазира Байырбекова жолда көлікпен келе жатып, оқыс жағдайға тап болғанын айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Кеше түнде, таңғы 3-4 шамасында Жаркенттен қайтар жолда Шелекке жақын көпірдің астынан көлікпен өте бергенде төбемізден оқ атылды. Көбіне төбесін ашып қоятын едім, қайта дәл сол сәтте жауып қойғанмын. Әйтпесе басыма тиетіні анық. Люк шашылып қалды. Өзіміз аманбыз, шүкір! Қап-қараңғы, ештеңе көре алмадық. Түнде жүрмеуге тырысыңыздар. Кімдер, не үшін, түк түсінбедік» деп жазған әнші желі парақшасында.
Желі қолданушылары әншіге амандық тілеп, алаңдаушылық білдіріп, түрлі пікір қалдырды.